Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК үздік мамандарды марапаттады

2023-08-11
«Мемсараптама» РМК үздік мамандарды марапаттады
«Мемсараптама» РМК үздік мамандарды марапаттады
«Мемсараптама» РМК үздік мамандарды марапаттады
«Мемсараптама» РМК үздік мамандарды марапаттады
«Мемсараптама» РМК үздік мамандарды марапаттады
«Мемсараптама» РМК үздік мамандарды марапаттады
«Мемсараптама» РМК үздік мамандарды марапаттады

«Мемсараптама» РМК-ның 35-жылдығына арналған тимбилдинг іс-шарасы өтті.

Шараға барлық қызметкерлер қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты команда құру, үйлесімділік, өзара әрекеттесу, жұмыс уақытынан тыс аралықта қызметкерлердің бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасауы, патриоттық сезім мен шығармашылық әлеуетті дамыту болды.

Қызметкерлер екі командаға бөлініп, тактикалық пейнтболға қатысты, спорттық және интеллектуалдық жарыстардағы қиын сынақтардан өтті. Сайыстар тиімділікке, шығармашылыққа арналған тапсырмалардан тұрды. Бәсекелестік рух, көзге түсуге деген ұмтылыс командаларды тапқырлыққа итермеледі. Әр команда бір немесе басқа жарыста үздік шықты.

Сондай-ақ, «Мемсараптама» РМК бас директоры құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Салтанатты жиында Қуандық Жұмабекұлы кәсіби мерекесіне орай министрдің атынан бірқатар азаматтарды арнайы марапаттармен марапаттады:

«Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің өндірістік кәсіподақ одағы» қоғамдық бірлестігінің "Құрмет грамотасы"
1. Жанаргүл Маратқызы Шарипова – «Мемсараптама» РМК департаменті басшысының орынбасары;
2. Руслан Нұруаұлы Нарынбаев – «Мемсараптама» РМК бухгалтерлік есеп және жоспарлау бөлімінің бас маманы.
Батыс өңірі бойынша «Мемсараптама» РМК

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің "Алғыс хаты"
1. Орлова Наталья Борисовна – «Мемсараптама» РМК жобалар сараптамасы бөлімінің өндірістік бөлімінің инженерлік желілер мен жүйелер секторының сарапшысы;
2. Шарипова Жанаргүл Маратқызы – «Мемсараптама» РМК Заң департаменті басшысының орынбасары;
3. Алтынбек Ғаббасұлы Хусаинов – «Мемсараптама» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары;
4. Риза Жанатқызы Қаратай – «Мемсараптама» РМК Жетісу облысы және Алматы облысы бойынша филиалының өндірістік бөлімінің сарапшысы;
5. Қанат Жақсылықұлы Мықтыбаев – «Мемсараптама» РМК Батыс өңірі бойынша филиалының Атырау облысы бойынша департаментінің директоры

«Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің өндірістік кәсіподақ одағы» қоғамдық бірлестігінің «Астана» қалалық филиалының "Алғыс хаты"
1. Азамат Тілеуұлы Сибағатов – «Мемсараптама» РМК өндірістік бөлімінің бас жоспар және сәулет секторының сарапшысы;
2. Жазира Нұрланқызы Ахметпекова – «Мемсараптама» РМК әкімшілік бөлімінің жетекші маманы;
3. Алтынай Жеңісқызы Әбенова – «Мемсараптама» РМК бухгалтерлік есеп және жоспарлау бөлімінің бас маманы