Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптау жүйесінің тарихы

Құрылу тарихы

Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаудың республикалық біртұтас мемлекеттік жүйесі «КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақ КСР-ы Министрлер Кеңесінің 1987 жылғы 26 тамыздағы № 400 қаулысы және «Республикалық және жергілікті басқару органына ведомстволық бағынысты кәсіпорындар, үйлер мен ғимараттар құрылысының сметасын және жобалардың сараптамасын жетілдіру туралы» қаулысын жүзеге асыру туралы» 1987 жылғы 23 шілдедегі № 841 қаулысы негізінде құрылған.

Көрсетілген үкіметтік шешімдерге сәйкес осы біртұтас мемлекеттік жүйенің құрамына енгізілгендер:

Қазақ ССР-ы Мемлекеттік құрылыс жанындағы Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаудың бас басқармасы (1991 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сәулет құрылысы); облыстық атқару комитетіне, жергілікті Халық депутаттары кеңесінің атқару комитетіне, Алма-Ата және Ленин қалалық атқару комитеті мен Қазақ Мемлекеттік құрылыс жанындағы мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаманың бас басқармасына бағынатын мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама басқармасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 6 қыркүйектегі №1344 «Жаңа тұрғын үй саясаты туралы» жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сәулет құрылысы органы жабылып, Қазақстан Республикасының құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі құрылды. Осы қаулымен құрылыс министрлігінің орталық аппаратынан басқа облыс орталықтары мен республикаға бағынатын қалаларда лицензиялау, бақылау қызметтері, сондай-ақ жобалардың мемлекеттік сараптамасын жүзеге асыратын бөлімшелердің құрылымдары анықталды.

Елбасының осы жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1994 жылғы 23 наурыздағы №289 «Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі жанынан сәулет-қала құрылысын бақылау органын құру туралы» қаулысымен Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау мен сараптаманың жергілікті органдары негізінде Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау департаментінің облыс орталықтары мен Алматы, Ленинск қалаларында аумақтық бөлімшелері құрылды.

Кейінірек, жүргізілген әкімшілік реформалар шеңберінде «Қазақстан Республикасындағы сәулет қала құрылысына бақылауды жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 қаңтардағы №88 қаулысы қабылданды. Осы шешімге байланысты Құрылыс министрлігінің Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау департаментінің жабылуының негізінде шаруашылық жүргізу құқығындағы “Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыс орталықтары мен Ақмола және Алматы қалаларында еншілес кәсіпорындары құрылды (бұдан әрі “Мемсараптама” РМК). Осыған байланысты, жаңадан құрылған кәсіпорын жабылған Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау департаментінің қабылдаушысы болып анықталды, сонымен қатар бұрын қабылданған нормативтік актілердің бәрі осы кәсіпорында қолданылатын болды.

Үкіметтің жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізуге арналған арнайы мемлекеттік кәсіпорын құру туралы көрсетілген шешімімен “Мемсараптама” РМК-ның сәйкес уәкілеттігі айқындалады. “Мемсараптама” РМК-ның мәртебесі қосымша “Мемлекеттік кәсіпорын туралы” Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген, онда мемлекеттік кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты бақылау және қадағалау қызметінен басқа, мемлекеттік монополияға жатқызылатын немесе мемлекет қызметі болып табылатын саладағы қызметті жүзеге асыру жолымен қоғам және мемлекет қажеттілігімен анықталатын әлеуметтік-экономикалық мәәселелерді шешуге бағытталған.

“Мемсараптама” РМК арнайы кәсіпорын ретінде қызмет еткен күннен бастап республикада құрылыс саласының дамуына өз үлесін қосып келеді. Атап айтсақ, апат, жарылыс, өрт және өзге де қатерлі жағдайларды ескертудің нәтижесінде жыл сайын көптеген миллиард бюджет пен бюджеттен тыс қаржы үнемделеді.