Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ҚР ИИДМ-де құрылысшылар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

2023-08-10

9 тамызда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде құрылыс саласы қызметкерлерін салтанатты мерекесімен құттықтады. Қазақстанда жыл сайын тамыз айының екінші жексенбісінде кәсіби мереке – Құрылыс саласы қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Бүгінде құрылыс саласында 53 мың кәсіпорында 620 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Құрылыс саласы ел экономикасында ерекше орын алады. Инженер, жобалаушы және де құрылыс саласының басқа да мыңдаған мамандары еңбегінің арқасында елімізде қалалар мен ауылдар бой көтеріп, энергетикалық, әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымдар құрылып, ірі өндіріс кешендері іске қосылды. Салтанатты жиын барысында министрдің атынан министрлік аппаратының басшысы Ерболат Мұқаев жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. «Құрметті сәулетші» төсбелгісімен «Мемсараптама» РМК қызметкері Шалабекова Гульнара Куандыковна марапатталды.