Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК Жетісу облысы және Алматы облысы бойынша филиалының жаңа директоры тағайындалды

2023-07-28
«Мемсараптама» РМК Жетісу облысы және Алматы облысы бойынша филиалының жаңа директоры тағайындалды
«Мемсараптама» РМК-нің 2023 жылғы 25 шілдедегі №440-л/с бұйрығымен Солтүстік өңір бойынша филиал директоры Жақыпов Әкімжан Үсенұлы ротация шеңберінде 2023 жылғы 28 шілдеден бастап «Мемсараптама» РМК-нің Жетісу облысы және Алматы облысы бойынша филиалының директоры болып тағайындалды. Жаңа директорды ұжымға Бас директордың орынбасары Жандос Жанаскарович таныстырды, ол Әкімжан Үсенұлының мемлекеттік сараптама жүйесіндегі және басшылық лауазымдардағы үлкен тәжірибесін атап өтті. Өз тарапынан Ә. Жақыпов филиал ұжымымен бірге өндірістік қызметтің жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу және сеніп тапсырылған өңірде мемлекеттік сараптаманың беделін қолдауды жалғастыру үшін өзінің барлық тәжірибесін қосуға дайын екендігіне сендірді. Сондай-ақ Департаменттің жаңа директоры Омарбеков Айбек Қайратжанұлы таныстырылды, оның кандидатурасы филиал қызметкерлерінің арасынан қолдау тапты және «Мемсараптама» РМК-нің 27 шілдедегі №448-л/с бұйрығымен ол «Мемсараптама» РМК Жетісу облысы бойынша және Алматы облысы бойынша филиалы Алматы облысы бойынша департаментінің директоры болып тағайындалды. Ұжым әріптестерін құттықтап, оларға жаңа мәртебеде табыс тіледі!