Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Николай Петрович «Астана қаласының құрметті азаматы» атанды

2023-07-05
Николай Петрович «Астана қаласының құрметті азаматы» атанды
Астана қалалық мәслихатының отырысында еліміздің еңбек сіңірген құрылысшы Тихонюк Николай Петровичке «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Аталған атаққа 4 қызметкер лайықты деп танылды. Осы жылдар ішінде астанамыз шағын қаладан білім беру, медициналық, мәдени және іскерлік орталыққа айналған мегаполис болды. Астанамыздың өсіп-өркендеуі, ең алдымен, азаматтардың еселі еңбегіне тікелей байланысты. Осы орайда, елорданың қалыптасуы мен дамуына қомақты үлес қосқаны үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағын беру іске асырылды. Сәйкесінше, мәслихат депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Сонымен қатар, «Мемсараптама» РМК бас директоры Қуандық Жумабекулы үлкен жиында Николай Петровичті ерен еңбегі үшін берілген атағымен құттықтап, болашақта қызметте толағай табыстар тіледі.