Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары

2023-06-29
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары
«Мемсараптама» РМК Оңтүстік өңірі бойынша филиалы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қалалысы бойынша департаментімен бірлесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырды. Іс-шараға қатысқан Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулардан хабардар етті. Сонымен қатар, спикер 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері туралы баяндап, өткен жылы тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілерінің статистикасын және кәсіподақ ұйымдарында орын алып жатқан сыбайлас жемқорлық фактілері жайында атап өтті. Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпаратты сеніп қалдыруға немесе кеңес алуға болатын Агенттіктің 1424 Call-орталығының жұмысы баяндалып, жемқорлықтың алдын алуда бірлесе жұмыс жасауға шақырды.