Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Атырау облысында құрылыс жұмыстары жайлы жиын өтті.

2023-06-23
Атырау облысында құрылыс жұмыстары жайлы жиын өтті.
2023 жылғы 23 маусымда «Мемсараптама» РМК Батыс өңірі бойынша филиалының Атырау облысы бойынша департаментінде «Атырау облысы құрылыс басқармасы» ММ-мен бірлесіп, Атырау облысының жобалаушыларының қатысуымен кеңес өтті. Келесі жобалау ұйымдар қатысты: «ӘсемЖобаҚұрылысы» ЖШС, «ҚазМұнайГазИнжиниринг» АҚ, «Nasar sautions» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ АҚ, «БатысЭкоКонсалтинг» ЖШС, «Каспий Инжиниринг» ЖШС, «АрхиСат» ЖШС, «АрхиГрупп» ЖШС, «Шыңдау» ЖШС, «Qenes enginering» ЖШС. Сәйкесінше, кеңес ашық-диалог форматында өтті. Жұмыс жобаларын жинақтау, жұмыс жобаларының архитектуралық бөлігі, құрылыс конструкциялары, бұйымдары мен құрылыс материалдарының тізбесі және жобалау-ізденіс жұмыстары бойынша мәселелер қозғалды және мұндай кеңестерді айына кемі бір рет тұрақты негізде өткізу туралы шешім қабылданды.