Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Сарапатама ұйымдары арасындағы спартакиада мәресіне жетті

2023-06-13
Сарапатама ұйымдары арасындағы спартакиада мәресіне жетті
Сарапатама ұйымдары арасындағы спартакиада мәресіне жетті
Сарапатама ұйымдары арасындағы спартакиада мәресіне жетті
Сарапатама ұйымдары арасындағы спартакиада мәресіне жетті

Түркістан облысында сараптама ұйымдары арасында ұйымдастырылған I халықаралық спартакиада аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
ҚР ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитетіне қарасты «Мемсараптама» кәсіпорынның бастамасымен қолға алынған сайысқа 4 мемлекеттен, атап айтқанда Қырғыз Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Өзбекстан Республикасы мен Қазақстаннан 80-ге жуық адам қатысып, өзара күш сынасқан еді. Бұл орайда аталған дода жекелеген спорт түрлерінен, оның ішінде футбол, үстел теннисі, волейбол, шахмат және зияткерлік спорт түрлерінен өткізілгенін айта кетейік.
«Бұқаралық спортты насихаттау – баршамызға ортақ міндет. Сондай-ақ осындай жарыстар қызметкерлердің ауызбірлігін нығайтып, ұжымдық рухты қалыптастыруға септігін тигізеді», деді «Мемсараптама» РМК бас директоры Қуандық Қажкенов.
Тартысты жарыстың нәтижесінде ресейліктер 1-ші орынды иеленді. Еліміздің құрамасы 2-ші орыннан көрінсе, үздік үштікті бауырлас Өзбекстан командасы түйіндеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубок, медаль және естелік сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ бірнеше номинацияға сәйкес топ жарған азаматтар да марапатталды.
Атап айтқанда:
Футбол:
1 орын - Қазақстан Республикасы
2 орын - Ресей Федерациясы
3 орын - Өзбекстан Республикасы
Үстел теннисі:
1 орын - Ресей Федерациясы
2 орын - Қазақстан Республикасы
3 орын - Өзбекстан Республикасы
Волейбол:
1 орын - Қазақстан Республикасы
2 орын - Ресей Федерациясы
3 орын - Қырғызстан Республикасы
Шахмат:
1 орын - Ресей Федерациясы
2 орын - Өзбекстан Республикасы
3 орын - Қазақстан Республикасы
Эстафета:
1 орын - Ресей Федерациясы
2 орын - Қырғызстан Республикасы
3 орын - Қазақстан Республикасы