Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Сыбайлас жемқорлықпен қалай күресуде?

2023-06-19
Сыбайлас жемқорлықпен қалай күресуде?
Сыбайлас жемқорлықпен қалай күресуде?
«Мемсараптама» РМК Шығыс өңірі бойынша филиалында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жиын ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысушыларға заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, заңсыз әрекеттердің жолын кесу тетіктері түсіндірілді. Шара барысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің аға қызметкері Гүлнұр Айтқұрманқызы осы бағытта жүргізіліп жатқан реформалар мен жаңашылдықтарға тоқталды. Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін Zoom арқылы бейнеконференция ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты - қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар бойынша талаптарды түсіндіру, талдау. Онлайн-кеңеске «Мемсараптама» РМК-нің Шығыс өңірі бойынша филиалының барлық қызметкерлері (Өскемен, Павлодар, Семей қалаларынан) қатысты. Жиын соңында Гүлнұр Айтқұрманқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы барлық сұрақтарға жауап берді.