Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-нің Жетісу облысы және Алматы облысы бойынша филиалы әкімшілік-басқару персоналының бас маманы (заңгер, мемлекеттік сатып алу, персонал) бос орнына отыруға конкурс жүргізу туралы хабарландыру

2023-06-15
«Мемсараптама» РМК-нің Жетісу облысы және Алматы облысы бойынша филиалы әкімшілік-басқару персоналының бас маманы (заңгер, мемлекеттік сатып алу, персонал) бос орнына отыруға конкурс жүргізу туралы хабарландыру
1) Бос орынның атауы – «Мемсараптама» РМК Жетісу облысы және Алматы облысы бойынша филиалы әкімшілік-басқару персоналының бас маманы (заңгер, мемлекеттік сатып алу, персонал). 2) Орналасқан жерін, почталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық істері комитеті «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Жетісу облысы және Алматы облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал), Талдықорған қаласы, Қаратал шағын ауданы, 60В, тел.+77774229729. 3) Құжаттарды қабылдауды аяқтау күні және уақыты – құжаттар taldykorgan@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайға 2023 жылғы 21 маусымды қоса алғанда сағат 18.30 дейін ұсынылуы тиіс: 4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларға сәйкес белгіленетін конкурс қатысушысына қойылатын негізгі талаптар. Лауазымның мақсаты мен тағайындалуы: Заң және кадр жұмысын жүргізу, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру. Білімге қойылатын талаптар: Заң мамандықтары бойынша жоғары кәсіптік білім. Лицензияларға, сертификаттарға және т.б. болуына қойылатын талаптар: жақсы болар еді. Мамандық бойынша немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін саладағы жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар. Мамандық бойынша кемінде 5 жыл және/немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салада 5 жыл; Басшы позицияларында: талап етілмейді. Лауазымдық мендеттерді орындау үшін қажетті білімдер: Келесі нормативтік құқықтық актілерді білу: - Қазақстан Республикасының Конституциясы; - «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚРК; - «Экологиялық кодекс» ҚРК; - «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚРЗ; - «Құқықтық актілер туралы» ҚРЗ; - Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі; - «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚРЗ; - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ; - «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚРЗ - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздері; - азаматтық заңнаманың және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негіздері, - «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары»; - «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондайақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалықэкономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары»; - «Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидалары»; - «Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидалары»; - «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары»; - осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері; - осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім; - кәсіпорын мен Филиалдың ішкі құжаттары. Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар: - персоналды басқару дағдысы; - өкілеттік беру дағдысы; - командада жұмыс істеу; - стресске төзімділік; - көшбасшылық және басқару қызметі; - байланысқа бейімділік; - келіссөздер жүргізу және кездесулер ұйымдастыру дағдысы; - іскерлік жазу дағдысы; - сендіретін дәлелдеу дағдылары; - өз жұмысын жоспарлау және жүзеге асыру дағдысы, шешімдердің анықтығы мен сенімділігі. Функционалдық міндеттері: Құқықтық қамтамасыз ету бойынша: - филиал қызметінде заңдылықтың сақталуын және оның құқықтық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; - басшылыққа қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, шарттардың және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру; - қолданыстағы заңнаманы түсіндіруді қамтамасыз ету оны құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне қолдану тәртібі; - құрылымдық бөлімшелерге құқықтық көмек көрсетуді қамтамасыз ету; - құқықтық мәселелерді қарау кезінде барлық сатылардағы соттарда, сондайақ мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда филиалдың мүдделерін білдіру; - мақсаттарды айқындауға, филиалды жоспарлауды жүзеге асыруға және құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қатысу; - шарттық, қаржылық және еңбек тәртібін нығайту, филиал мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу; - филиал қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар дайындау; - жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, адвокаттық сауалдарға және т. б. жауаптар дайындау; - оларды құқық қорғау органдарына беру үшін ұрлық, жымқыру, кемшіліктер және өзге де құқық бұзушылықтар туралы материалдарды дайындауға қатысу, кәсіпорынға келтірілген залалды өтеуге шаралар қабылдау; - филиал қызметкерлерін тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар бойынша қорытынды беру; - ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу шарттарын әзірлеу, жасасу және орындау, сондай-ақ оларды филиал объектілері бойынша есепке алу жөніндегі жұмыстарды сүйемелдеуді жүргізу; - ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарттарға қосымша келісімдер жасау және орындау, сондай-ақ оларды филиал объектілері бойынша есепке алу бойынша жұмыстарды сүйемелдеуді жүргізу; - ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өтудің шарттық мерзімдерін бақылауды жүзеге асыру; - филиалдың өндірістік және өндірістік емес қызметіне байланысты сот талқылауларын есепке алу және үйлестіру; - талап қою және дебиторлық берешекпен жұмыс жүргізу; - филиал қызметкерлері арасында құқықтық білімді насихаттау, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша жұмыс жүргізу; - жобаларды сараптау саласындағы заң шығару және норма шығару мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; - нормативтік-техникалық құжаттардың жобаларына сараптама жүргізуді ұйымдастыруға жәрдемдесу; - ақпараттық технологияларды қолдана отырып және қолданыстағы заңнаманы есепке ала отырып, заңнама және нормативтік актілер бойынша анықтамалық-ақпараттық жұмыс жүргізу; - қолданыстағы заңнама туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету, сондайақ филиал қызметкерлерін олардың қызметіне қатысты нормативтік актілермен таныстыру бойынша жұмысты ұйымдастыру; - филиал қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар мен консультациялар беру. Кадрлық қамтамасыз ету бойынша: - филиалдың жеке құрамының есебін жүргізу; - филиал қызметкерлерімен еңбек қатынастарын ресімдеу бойынша жұмыс; - қызметкерді жұмысқа ресімдеу, тізбе бойынша құжаттарды қабылдау, еңбек шартын ресімдеу, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықты ресімдеу, құжаттарды келісу және қол қою, еңбек кітапшасында жазба жүргізу, тіркеу журналын жүргізу, қызметкерді қабылдау туралы бұйрықпен таныстыру, бұйрықтардан үзінді көшірмелер беру және басқа да іс-шаралар; - қызметкердің жеке ісін электрондық және қағаз түрінде ресімдеу; - қызметкерді басқа лауазымға ауыстыруды ресімдеу, қызметкерге ұсыным, оның жеке өтініші негізінде еңбек шартына қосымша келісімді ресімдеу, ауыстыру туралы бұйрықты ресімдеу, құжаттарды келісу және қол қою, еңбек кітапшасында жазба жүргізу, тіркеу журналын жүргізу, қызметкерді ауыстыру туралы бұйрықпен таныстыру, бұйрықтардан үзінді көшірмелер беру, қызметкердің жеке ісін толықтыру және басқа да іс-шаралар; - қызметкермен еңбек қатынастарын тоқтатуды ресімдеу, қызметкердің жеке өтініші негізінде бұйрықты ресімдеу, құжаттарды келісу және қол қою, қызметкерді еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықпен таныстыру, бұйрықтардан үзінді көшірмелер беру, айналып өту парағын беру, еңбек кітапшасын жазу және беру, тіркеу журналын жүргізу, қызметкердің жеке ісін толықтыру және басқа да іс-шаралар; - уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін жүктеуді ресімдеу, лауазымдарды қоса атқару; - жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, жұмыстан босату туралы ақпаратты мүдделі құрылымдық бөлімшелерге және жұмыс үшін бас кәсіпорынға ұсыну; - қызметкерлерді мемлекеттік наградалармен, кәсіпорынның, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың грамоталарымен марапаттау бойынша құжаттарды дайындау; - қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу; - қызметкерлердің еңбекке жарамсыздық парақтарын есепке алу журналы жүргізу; - филиалда әскери есеп жүргізу; - тәртіптік комиссияға қажетті материалдарды белгіленген тәртіппен дайындау және тапсыру; - филиалдың бұйрықтарын, қызметкерлердің еңбек кітапшаларын толтыру, есепке алу және сақтау, еңбек өтілін есепке алу, филиал қызметкерлеріне демалыс беру; - кадр жұмысы бойынша есептер дайындау; - кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуді жүзеге асыру; - белгіленген тәртіпке сәйкес құжаттарды қабылдауды, тіркеуді, жүйелеуді, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ету; - 1С «Персоналды басқару» бағдарламасында жұмыс істеу, филиал қызметкерлерінің дербес деректерін енгізу; - «Enbek.kz» порталда жұмыс жасау, филиал қызметкерлері бойынша деректерді енгізу. Мемлекеттік сатып алу бойынша: - филиалдың тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлеу және қалыптастыру; - жыл ішінде мемлекеттік сатып алу жоспарына түзетулер енгізу; - мемлекеттік сатып алу бойынша шарттарды әзірлеу, жасасу және орындау бойынша жұмыс жүргізу, сондай-ақ олардың есебін жүргізу; - тиісті қаржы жылына арналған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің жоспарланған номенклатурасын қалыптастыру; - мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыруды және орындауды қамтамасыз ету; - мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде қажетті барлық рәсімдерді жүзеге асыру; - филиалдың сатып алулары бойынша есептерді жасау; - ұсынылған құқықтарға сәйкес филиалдың ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу; - еңбек тәртібі мен қызметтік әдептің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасы жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді; - құпиялылық қағидатын және ақпараттық қауіпсіздік туралы ереженің талаптарын сақтау; - кәсіпорынның сапа менеджменті жүйелерінің процестерін жұмыс күйінде ұстау; - кәсіпорын Жарғысында, Филиал туралы ережеде, жобаларға сараптама жүргізу мәселелері бойынша филиалдың ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларды орындау. 5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: - «Мемсараптама» РМК Жетісу облысы және Алматы облысы бойынша филиалы директорының м. а. атына еркін нысандағы өтініш; - қоса берілген нысан бойынша қызметтік тізім; - жеке куәліктің көшірмесі (тұруға ықтиярхат); - білімі туралы құжаттың көшірмесі; - еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; - түйіндеме. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы. Конкурс келесі кезеңдерден тұрады: 1) 2023 жылғы «22» маусым – кандидаттардың өтінімдерін қарау; 2) 2023 жылғы «23» маусым – кандидаттармен әңгімелесу; 3) 2023 жылғы «26» маусым – конкурс қорытындылары. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен таныса алады, сондай-ақ конкурс нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы. БОС ЛАУАЗЫМҒА ҮМІТКЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА ВАКАНТНУЮ ДОЛЖНОСТЬ _____________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии) ФОТО (түрлі түсті/ цветное, 3х4) _____________________________________________ лауазымы/должность, санаты/категория (болған жағдайда/при наличии) ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ 1. Туған күні және жері/ Дата и место рождения 2. Ұлты (қалауы бойынша)/ Национальность (по желанию) 3. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/ Год окончания и наименование учебного заведения 4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) 5. Шет тілдерін білуі/ Владение иностранными языками 6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии) 7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) 8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации қабылданған/ приема босатылған/ увольнения _____________________ ҮМІТКЕРДІҢ қолы/Подпись кандидата _______________ күні/дата