Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Құрылыс сараптамасы институтын дамыту» VI халықаралық конференциясы

2022-10-22
«Құрылыс сараптамасы институтын дамыту» VI халықаралық конференциясы
«Құрылыс сараптамасы институтын дамыту» VI халықаралық конференциясы
«Құрылыс сараптамасы институтын дамыту» VI халықаралық конференциясы
«Құрылыс сараптамасы институтын дамыту» VI халықаралық конференциясы
«Құрылыс сараптамасы институтын дамыту» VI халықаралық конференциясы
«Құрылыс сараптамасы институтын дамыту» VI халықаралық конференциясы
2022 жылғы 18-22 қазанда Екатеринбург қаласында Ресей Федерациясы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігінің шақыруымен «Мемсараптама» РМК IX халықаралық құрылыс форумы және 100+ TechnoBuild көрмесі шеңберінде өткен «Құрылыс сараптамасы институтын дамыту» VI халықаралық конференциясына қатысты. Конференцияға Ресей Федерациясының, Беларусь, Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения және Қырғызстан Республикаларының құрылыс сараптамаларының өкілдері қатысты. Біздің еліміздің атынан «Мемсараптама» РМК бас директоры Қажкенов Қуандық Жұмабекұлының басшылығымен тәжірибелі сарапшы мамандар тобы қатысты: 1. Бердашев Бауыржан Жасқайратұлы – жобаларды сараптау басқармасы өндірістік бөлімінің бастығы; 2. Марденов Әсет Ахатұлы – ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы; 3. Серікқалиев Саламат Бауыржанұлы – ақпараттық технологиялар басқармасы BIM-технологиялар бөлімінің бастығы; 4. Рихтер Елена Антоновна – сметалық бөлімнің бастығы; 5. Татиева Айсұлу Сақтағанқызы – Қостанай облысы бойынша департаменттің өндірістік бөлімінің бастығы. Конференцияның ашылуы Ресей Құрылыс министрінің орынбасары Сергей Музыченко мен Екатеринбург қаласының мэрі Алексей Орловқа берілді. Ең алдымен шақырушы тарап – Ресей Бас мемлекеттік сараптамасының бастығы Игорь Манылов баяндама жасады. Ел қатысушылары үш тақырыптық сессия бойынша баяндамаларға кірісті. «Мемсараптама» РМК бас директоры Қажкенов Қуандық Жұмабекұлы бірінші тақырыптық сессияда «Бүгінгі таңдағы сараптама: Қазақстанның мемлекеттік сараптама жүйесіндегі соңғы өзгерістерге шолу» атты баяндама жасады. Екінші тақырыптық сессияда біздің әріптесіміз – ақпараттық технологиялар басқармасы BIM-технологиялар бөлімінің бастығы Серікқалиев Саламат Бауыржанұлы «Тіршілік циклын цифрландыру жағдайындағы трансформациялық сараптама» тақырыбынаа таныстырылым және баяндама жасады. «Құрылыстағы кадрлық әлеуетті дамыту» атты үшінші тақырыптық сессияда барлық қатысушылар осы тақырып бойынша өз проблемаларымен бөлісіп, осы бағыттағы өздерінің даму тәжірибесін атап өтті. Біздің әріптестеріміз сессия блогының тақырыптарына талқылаулар мен пікірталастарға, соның ішінде кәсіби кадрларды даярлау тақырыбы бойынша да белсенді қатысты. «Мемсараптама» РМК бас директоры Қ.Ж. Қажкенов конференцияға қатысушы елдердің сараптамаларының құрама ұжымдары арасында халықаралық спартакиада өткізу идеясын ұсынғанын және оны іс-шараның барлық қатысушылары бірауыздан қолдағанын атап өту қажет. Конференцияның ресми бөлігі дәстүрлі фотосессиямен аяқталды. Қазақстан цифрландыру саласында, атап айтқанда құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу кезінде едәуір алға шыққаны қуантады, бұл жыл сайынғы әрбір сессияда атап өтіледі. Соңғы жылы басқа елдердің осы бағытта қарқынды дамуы байқалады, осының барлығы елдер арасындағы тығыз ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың арқасында.