Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалының әкімшілік-басқару персоналының жетекші маманы бос орнына отыруға конкурс жүргізу туралы хабарландыру

2022-10-17
1) Бос орынның атауы – әкімшілік-басқару персоналының жетекші маманы (аударма, іс жүргізу). 2) Орналасқан жерін, почталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Солтүстік өңірі бойынша филиалы (бұдан әрі - филиал), Петропавл қаласы, Ульянов көшесі, 56-ғимарат, тел.: 8 (7162) 72-38-14. 3) Құжаттарды қабылдауды аяқтау күні және уақыты – құжаттар 2022 жылғы «21» қазан сағат 18.30-ға дейін kokshetay@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайға ұсынылуы тиіс. 4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларға сәйкес белгіленетін конкурс қатысушысына қойылатын негізгі талаптар. Лауазымның мақсаты мен тағайындалуы: - Құжаттамалық қамтамасыз етудің бірыңғай тәртібі; - мемлекеттік тілді дамыту. Білімге қойылатын талаптар: Жоғары гуманитарлық немесе педагогикалық білім. Мамандық бойынша немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін саладағы жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар. Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл не лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жылдан кем болмауы тиіс. Басшы позицияларында: талап етілмейді. Лауазымдық мендеттерді орындау үшін қажетті білімдер: Келесі нормативтік құқықтық актілерді білу: - Қазақстан Республикасының Конституциясы; - Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасының негіздері; - азаматтық заңнама және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама негіздері; - «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңы; - «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» ҚР Заңы; - «Мемлекеттік құпиялар туралы» ҚР Заңы; - «Ақпаратқа қол жеткізу туралы ҚР Заңы; - «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңы; - «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңы; - «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңы; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы; - Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; - «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары»; - «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидалары»; - «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидалары»; - осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін; - осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар: - статистикалық және есептік деректермен аналитикалық жұмыс, нақты іс-әрекеттер жоспарларын болжау және әзірлеу дағдысы; - өзекті ақпаратты жинау және жүйелеу, қойылған міндеттерді орындау барысында басымдықтарды қою дағдылары; - шешімдерді жедел қабылдау және іске асыру, жаңа жағдайға бейімделу және туындаған проблемаларды шешудің жаңа тәсілдерін қолдану дағдылары; - іскерлік хат жазу, компьютерлік және басқа да ұйымдастыру техникасын, сондай-ақ қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану дағдылары. - ұжымдағы тиімді қарым-қатынасты (психологиялық климат) қолдау дағдысы. Функционалдық міндеттері: 1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген шектерде «Қызмет бабында пайдалану үшін» (ҚБП) белгісі бар құжаттарды өңдеу бойынша қабылдауды, ашуды, тіркеуді және одан әрі рәсімдерді жүзеге асыру; 2. қабылдау бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру және қызмет көрсету, келушілерді басшылыққа қабылдауды жүзеге асыру; 3. Филиалдың хат-хабарларын қабылдауды, тіркеуді және жөнелтуді жүргізу; 4. Филиал басшылығына қол қоюға ұсынылатын құжаттарды дайындау сапасын, жасау, келісу, бекіту дұрыстығын бақылау; 5. басшылықтың құжаттары мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру, олардың уақтылы және сапалы орындалуына бағытталған жедел шаралар қабылдау; 6. қызметтік құжаттардың, нормативтік құжаттардың, сондай-ақ басқа да қызметтік құжаттардың орыс және мемлекеттік тілдеріндегі мәтіндерін аудару; 7. мемлекеттік тілді оқитын Филиал қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету; 8. Филиалдың іс қағаздарын кезең-кезеңмен мемлекеттік тілге көшіру бойынша жұмыстарды орындау; 9. құжаттарды мемлекеттік тілде ресімдеу; 10. бекітілген номенклатураға сәйкес істерді қалыптастыру және Филиал архивіне іс жүргізу аяқталған құжаттық материалдарды тапсыру; 11. телефон арқылы сөйлесулер жүргізу (кіріс қоңырауларын қабылдау, қоңырауларды бағыттау, телефонограммаларды қабылдау және жіберу) бойынша жұмыстарды жүзеге асыру); 12. құжаттарды қабылдауды, есепке алуды, тіркеуді, орындалуын бақылауды, құжаттар мен ақпаратты ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуді және сақтауды қамтамасыз ету; 13. өндірістік кеңестердің, ұжымның жалпы жиналыстарының хаттамаларын жүргізу; 14. еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау; 15. құпия ақпаратты жария етпеу және бәсекеге қабілетсіздігі туралы шартты сақтау; 16. ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу – кіріс және шығыс хат-хабарлар, сараптамаға жолдамалар туралыв ақпарат енгізу және оларды тіркеу; 17. өз құзыретіне кіретін басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау. 5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: - «Мемсараптама» РМК бас директорының атына еркін нысандағы өтініш; - қоса берілген нысан бойынша қызметтік тізім; - жеке куәліктің көшірмесі (тұруға ықтиярхат); - білімі туралы құжаттың көшірмесі; - еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; - түйіндеме. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген «Мемсараптама» РМК-нің жұмыс істеп тұрған жұмыскерлері «Мемсараптама» РМК бас директорының атына Жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы өтініш (еркін нысанда) береді. Сыртқы конкурстық іріктеу ішкі іріктеу қорытындылары бойынша бос лауазымға орналасуға кандидат айқындалмаған жағдайда жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы. Байқау келесі кезеңдерден тұрады: 1) 2022 жылғы «22» қазан – кандидаттардың өтінімдерін қарау; 2) 2022 жылғы «26» қазан – кандидаттармен әңгімелесу; 3) 2022 жылғы «27» қазан – конкурс қорытындылары. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен таныса алады, сондай-ақ конкурс нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы. ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ 1. Туған күні және жері/ Дата и место рождения 2. Ұлты (қалауы бойынша)/ Национальность (по желанию) 3. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/ Год окончания и наименование учебного заведения 4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) 5. Шет тілдерін білуі/ Владение иностранными языками 6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии) 7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) 8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации қабылданған/ приема босатылған/ увольнения _____________________ ҮМІТКЕРДІҢ қолы/Подпись кандидата _______________ күні/дата