2019 жылдың 09 тамызы күні «Мемсараптама» РМК және оның филиалдарының қызметкерлерінің қатысуымен, бейнебайланыс арқылы салтанатты жиналыс өткізілді.
«Мемсараптама» РМК-ның Бас директоры Тимур Жиенбайұлы Қарағойшин барлық қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, адал қызметтері үшін алғысын білдірді және алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
«Мемсараптама» РМК-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының айрықша көзге түскен, Қазақстан Республикасының құрылыс саласының дамуына өз үлестерін қосқан қызметкерлері марапатталды: «Құрметті сәулетші» төсбелгісімен - Василий Григорьевич Иванюк, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің алғыс хатымен - Бекбулат Бактыгалиевич Бактыгалиев, «Мемсараптама» РМК-ның құрмет грамотасымен - Сергей Юрьевич Егоров, Аида Алтынбекқызы Умбетова, Алексей Анатольевич Малышев, Раушан Танатаровна Бектемирова, Эльвира Талгатовна Абдрахманова.
«Мемсараптама» РМК-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының ұжымы барлық әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды.