2019 жылдың 16 шілдесінде «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының (әрі қарай - Филиал) қызметкерлері үшін «ЖАҢАРУ» Жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысындағы филиалының облыстық кеңес хатшысы А.К. Маулетова Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын түсіндіру бойынша дәріс өткізді.
А.К. Маулетова пара алу кезіндегі жазалау шаралары туралы, пара беру кезіндегі кейбір жанама белгілері туралы айтып өтті.
Сонымен қатар, дәрісті өткізу барысында осы тақырып бойынша сұрақтар қойылып, Филиалдың барлық қызметкерлеріне жадынамалар таратылды.
Дәріс өткізгені үшін Филиал ұжымы «ЖАҢАРУ» Жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысындағы филиалының облыстық кеңес хатшысы А.К. Маулетоваға алғысын білдіреді.