Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Әлеуметтік жаңғыру

2015-10-21
Көкшетауда облыстық аурухананың бірнеше бөлімшесіне күрделі жөндеу жүргізілді. Облыстық аурухананың бас дәрiгерi Серiк Аяғановтың хабарлауынша терапиялық корпустың, паталогоанатомдық бөлiмнiң және тамақтану блогының жөнделуiне облыстық бюджеттен 300 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалған екен. Оның iшiнде 22 млн паталогоанатомдық бөлiмнiң және тамақтану блогының күрделi жөнделуiне кеткен. Бас дәрiгердiң мәлiметiнше бүгiнде олардың дайындығы 95% құрайды. «Бүгiнгi күнi бес қабатты корпустың күрделi жөнделуi аяқталуға жақын. Ғимарат 30-қазанға қарай дайын болады» дедi облыстық аурухананың бас дәрiгерi Серiк Аяғанов. Өз кезегiнде Сергей Кулагин мердiгер компанияларға жөнделiп жатқан корпустардың алдыңғы жағын колермен сырлау қажеттiгi туралы ұсынысын айтты. Бас дәрiгерге ауруханалық қалашық аумағына қылқан жапырақты ғана емес, жапырақты қайың ағаштарын да егiп демалатын парктық аймақ ұйымдастыру туралы пiкiрiн бiлдiрдi. Ақмола облыстық ауруханасында 20 түрлi мамандық бойынша дәрiгерлiк көмектер көрсетiледi. Сондай-ақ, денсаулық сақтау басқармасы мекемесiнiң құрамына ауысымына 150 адамды қабылдай алатын кеңестiк-диагностикалық емхана кiредi. 2013 жылы дәрiгерлiк мекеме құны 240 млн. теңге болатын компьютерлық томограф, сондай-ақ лизинг бойынша 153 млн теңгеге өзге де қондырғылар сатып алынып, оның ішінде 3 накоздық-тыныс алу аппараты және 4 өкпені жасанды желдету аппараты сатып алынды. Ағымдағы жылы күрделi жөндеу жүргiзiлдi. Ағымдағы жылдың 9 айында тәулiк бойғы стационарда 8000-ға жуық адамға дәрiгерлiк көмек көрсетiлсе, шамамен 4000 пациент ауруханаға жатқызу бюросы арқылы түрлi емдер алған. Тек биылғы жылы ғана дәрiгерлермен түрлi деңгейдегi 300-ден астам оталар жасалған, әрі облыстық аурухана дәрігерлері жүрекке жасалатын бұндай күрделі оталарды көптен бері жасайтынын атап өткен жөн.