Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«ЛИРА-САПР бағдарламалық кешенін қолдана отырып құрылыс конструкцияларын жобалау. 2018 нұсқасы және оның BIM концепциясы шеңберінде дамуы» атты тақырыпта өткен семинарға қатысу туралы.

2018-05-17
2018 жылғы 16-17 мамыр аралығында «ЛИРА-САПР бағдарламалық кешенін қолдана отырып құрылыс конструкцияларын жобалау. 2018 нұсқасы және оның BIM концепциясы шеңберінде дамуы» атты тақырыпта семинар өтті. Аталған семинарға «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының өндірістік бөлімінің сарапшылары Омарова З.А., Зинковская Н.Е., Курумбаева Д.Д қатысты. Семинар бағдарламасы теориялық бөлім мен мастер-кластан тұрды. Семинарда 2018 жылғы нұсқадағы ЛИРА-САПР бағдарламалық кешенінің мүмкіншіліктері мен жаңа қызметтері туралы баяндамалар, сонымен бірге ЛИРА – САПР БК прктикада қолдану мен BIM концепциясы шеңберіндегі жұмыс тәжірибесі туралы баяндамалар оқылды. ЛИРА-САПР БК және ПК САПФИР 2018 процессорын пайдалану бойынша мастер-класта пайдаланушылар бағдарлама қызметімен және есептік сызбалармен танысты. Аталған оқыту шарасын ұйымдастырғаны үшін «Лира сервис» және «Bitcom Software» компанияларына алғыс білдіреміз.