Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Астана қаласында «Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ 2017 жылғы жұмыс нәтижесі бойынша конференция өтті.

2018-05-17
Астана қаласында «Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ 2017 жылғы жұмыс нәтижесі бойынша конференция өтті.
2018 жылғы 17 мамырда Астана қаласында Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ 2017 жылғы жұмыс нәтижесі бойынша кезектен тыс жиналысы (конференция) өтті. Аталған жиналысқа «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының сараптамалық қорытындыларды шығару және сараптама жұмыстарын автоматизациялау бөлімінің бастығы, бастауыш кәсіподақ төрағасы Г.Б. Садыханова қатысты. Конференцияны өзінің кіріспе сөзімен кәсіподақ төрағасының м.а. Л.С. Шаймерденова ашты, сонымен қатар ол 2017 жылға арналған кәсіподақ жұмысының қорытындысы туралы баяндамасын оқыды. Конференция барысында «Мемсараптама» РМК филиалдарының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары сөз сөйлеп, өз есептерін слайд-шоу (тұсаукесер) ретінде көрсетті. Жиналыс нәтижесі бойынша 2018 жылға қойылған мақсаттар мен тапсырмалар айтылып, кәсіподақ қызметі бойынша әрі қарайғы жұмыстар үшін ұсыныстар берілді. «Мемсараптама» РМК басшылығына және «Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ конференцияны жоғарғы деңгейде өткізгендері үшін алғыс білдіреміз.