Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің 2017 жылғы жұмыс нәтижелері бойынша конференция

2018-05-22
«Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің  2017 жылғы жұмыс нәтижелері бойынша конференция
«Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің  2017 жылғы жұмыс нәтижелері бойынша конференция
2018 жылғы 17 мамырда Астана қаласында «Мемсараптама» РМК филиалдары кәсіподағының бастауыш ұйымдарының өкілдері қатысуымен 2017 жылдың жұмыс нәтижелері бойынша кезекті жиналыс (конференция) өткізілді. Жиналысты кәсіподақ төрағасының м.а. Л.С. Шәймерденова ашып, кәсіподақтың 2017 жылғы жұмыс нәтижелері және 2018 жылдың негізгі бағыттары жөнінде сөз етті. Кейін, жұмыс нәтижелері бойынша есеп беріп, баяндамаларын «Мемсараптама» РМК филиалдары кәсіподағының бастауыш ұйымдарының төрағалары жасаған болатын. Ұйымдар өкілдері әзірлеген баяндамаларымен қоса слайд-шоу түрінде жасалған жұмыстар материалдары да көрсетілген. Конференцияның әр қатысушысы кәсіподақ қызметінің дамуына өз үлесін қосып, кәсіподақ жұмысының арқасында 2017 жылы бірқатар ісшара өткізілді. Ұйымдар өкілдері кәсіподақ қызметіне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, жауаптарын алып, талқыға түсті. Жиналыс нәтижесінде 2018 жылға арналған мақсат-міндеттер белгіленіп, алдағы кәсіподақ қызметінің жұмыстарына ұсынымдар берілді. «Мемсараптама» РМК басшылығына және ұйымдастырушыларға конференцияны жоғарғы деңгейде өткізгені үшін алғыс білдіреміз.