Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ҚР құрылыс саласында ақпараттық модельдеу технологиясы және «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының 2017 жылғы өңдірістік қызметінің нәтижесі туралы сұрақтары бойынша жиналыс

2018-03-20

2018 жылың 19 наурызында облыстық әкімшілікте «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы 2017 жылғы өңдірістік қызметінің нәтижесі туралы сұрақтары бойынша, сондай-ақ ҚР құрылыс саласында ақпараттық модельдеу технологиясын енгізу туралы жиналыс өткізілді. Жиналыс, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С.Т.Туленбергеновтың төрағалығымен, облыстық және қала әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелер басшыларының, Ақтөбе қаласының жобалау мекемелері мен коммуналдық қызметтерінің, аудандық әкімшілік басшыларының және олардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы орынбасарларының, «Мемсараптама» РМК бас кәсіпорыннан бас директордың орынбасары Кажкенов Куандык Жумабековичтің, «Мемсараптама» РМК әдістемелік басқармасы бастығың орынбасары Серикхалиев Саламат Бауыржановичтың, сондай-ақ «КазНИИСА» АҚ Ақпараттық модельдеу орталығының директорының орынбасары Токтыбаев Данияр Жагыпаровичтің қатысуымен өтті. Кіріспе сөзбен облыс әкімінің орынбасары С.Т.Туленбергенов күн тәртібіндегі сұрақтарды баяндаумен шығып, сөз кезегін «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры 2017 жылғы өңдірістік қызметінің нәтижесі туралы сұрақтары бойынша баяндап шыққан Ж.Ж. Ботенбаевқа берді. Жиналыс қатысушылары сөз сөйлеушінің баяндамасымен, сараптама негізгі тапсырысшылары бойынша құнының төмендеуі, бекітілген құнының ең үлкен төмендеуімен жобалар, жалпы бекітілген құнының төмендеуі және т.б. толық сипаттамасымен көрнекі танысуға мүмкіндік алды. Әрі қарай, «Бір терезе» принципі бойынша ЖКВС енгізуге қол жеткізілген нәтижерелі, жобаларды сараптау мерзімі және осы бағытта әрі қарай даму мақсаттары туралы, «Мемсараптама» РМК қызметінің цифрленуі туралы «Мемсараптама» РМК бас директордың орынбасары Кажкенов Куандык Жумабекович, «Мемсараптама» РМК методология басқармасы бастығың орынбасары Серикхалиев Саламат Бауыржанович сөз сөйледі. Қатысушылардың сұрақтарына «Мемсараптама» РМК бас кәсіпорынның қызметкерлерінен әдістемелік бөлімі бойынша жауаптар берілді. Сонымен қатар, «КазНИИСА» АҚ Ақпараттық модельдеу орталығының директорының орынбасары Токтыбаев Данияр Жагыпарович сөз сөйледі, тұтас алғанда Қазақстан Республикасының құрылыс саласында ақпараттық модельдеу технологиясын (BIM-технологиялары) енгізу жағдайлары туралы, әдістемелік бөлімі туралы, сондай-ақ осы технологияның ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы толық баяндады. Жиналыс нәтижесінде облыс әкімінің орынбасары С.Т.Туленбергенов конструктивті және пайдалы ақпарат үшін алғысын білдіріп, тапсырыс берушілерге және жобалау мекемелерге жиналыс барысында айтылған жобалау-сметалық құжаттамаларды дайындау кезіндегі бұзушылықтарды және аяғына дейін істелмегендерді жұмыста ескеруді, әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелеріне жобалау сапасының сұрақтары бойынша филиалмен өзара қатынасы бойынша жұмысты жалғастыруға тапсырды, сондай-ақ жобалау мекемелеріне құрылыс жобаларын дайындауда ақпараттық модельдеу технологиясын қолдануды бастауды ұсынды.