Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Бақ берекем, құт берекем – Әз Наурыз!

2018-03-28
Бақ берекем, құт берекем – Әз Наурыз!
Бақ берекем, құт берекем – Әз Наурыз!
Бақ берекем, құт берекем – Әз Наурыз!
Бақ берекем, құт берекем – Әз Наурыз!
Бақ берекем, құт берекем – Әз Наурыз!
Бақ берекем, құт берекем – Әз Наурыз!
Өз сөзінде Елбасы барлық қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, бұл мерекені жақындардың арасында өткізу дәстүрін атап өтті. Дәстүрді сақтай отыра, «Мемсараптама» РМК Батыс өңірі бойынша филиалының Атырау қаласындағы өндірістік бөлімі (бұдан әрі – бөлім), «Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ қолдауымен, 2018 жылғы 21 наурызда Наурыз мейрамын қызметкерлер отбасыларына іс шара өткізіп тойлады. Директордың орынбасары А.Г. Хусаинов бекіткен іс шара сценариі бойынша бөлім қызметкерлері мен олардың балалары қатысуымен сауық кеш өткізілген болатын. Мерекелік іс шара директордың орынбасары А.Г. Хусаиновтың құттықтау сөздерімен ашылып, өндірістік бөлім бастығы М.О. Кульчиевтің құттықтау сөзімен жалғасты. Іс шараға зейнеткерлік демалысқа шыққан қызметкерлер, шағын көріністер көрсетіп, барлықтарымызға күлкі сыйлаған КВН юниор командасы, Наурыз туралы әндеген, жаңадан бастап жүрген әнші шақырылды. Өндірістік бөлім қызметкерлері актерлік шеберліктерін таныта отырып, Наурыз мейрамының қонақтарды қарсы алу, көрісу, шашу, сүйінші, бата беру сияқты салт-дәстүрлерді «Көрісу» шағын спектакль арқылы көрсетті. Балаларға «Қара жорға биін билеудің ең үздігі» және т.с.с. номинациялар бойынша ойындар өткізіліп, жүлде берілді. Балалар ойындарға белсене қатысып, викторина сұрақтарына жауап беріп, өлең оқып, ән айтып, таланттарын көрсетті. Бөлім аумағында түрік елдерінің ұлттық үйі – киіз үй тігілді. Наурыз мейрамына арналған мерекелік шағын сауық кеш аяқталумен, кеш қонақтары Наурыз көжеден дәм татып, бір-бірін құттықтап, әсерлерін білдірді. Осындай керемет іс шараларды өткізу мүмкіндіктер үшін «Мемсараптама» РМК басшылығына алғысымыз шексіз.