Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Аударма теориясы мен техникасы» тақырыбына семинар

2017-06-19
«Аударма теориясы мен техникасы»  тақырыбына семинар
«Мемсараптама» РМК қызметкерлерін кәсіптік оқыту Жоспарын орындау мақсатында, 2017 жылғы 12-13 маусым аралығында Алматы қаласында өткен, «Аударма теориясы мен техникасы» тақырыбындағы семинарға «Мемсараптама» РМК-нің кеңсе меңшерушісі И.Қ.Аққожина қатысты. Семинар барысында келесі мәселелер қамтылды: 1. Аударманың трансформациялық- мағыналық үлгісі. 2. Техникалық термин аудармаларының бірізділігі. 3. БАҚ-та жиі кездесетін жаңа атаулар мен төл терминдердің қолданылу жиілігі. 4. Кәсіпкерлік қызметтегі, ғылыми-техникалық өркениет әлеміндегі аударылуы күмән келтіретін терминдердің баламасын ұсыну. 5. Қызметтік ісқағаздарын қазақша рәсімдеудің үлгілеріндегі өзгерістер. Орфографиялық ережелерді таныстыру, бірге, бөлек жазылатын сөздердің қағидасын түсіндіру. 6. Іс қағаздарына қатысты терминдердің бірізденуі. 7. Іс қағаздарын рәсімдеу кезінде жиі кездесетін орфограммалық қателерді түзетудің жолдарын талқылау. Семинар аяқталысымен қатысушыға біліктілікті арттыру туралы сертификат берілді.