Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«АВС бағдарламалық өнімдерін қолдана отырып, құрылыс жобаларының сметалық-экономикалық бөлімін ресурстық әдіспен қалыптастыру» тақырыбына семинар

2017-04-05

«Мемсараптама» РМК жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында, «Мемсараптама» РМК орталық аппаратының және филиалдарының жұмыскерлері үшін «АВС бағдарламалық өнімдерін қолдана отырып, құрылыс жобаларының сметалық-экономикалық бөлімін ресурстық әдіспен қалыптастыру» тақырыбына семинар өткізілді. Семинар екі кезеңде жүргізілді: Астана қаласында 2017 жылғы 13 наурыздан 17 наурызға дейін; Алматы қаласында 2017 жылғы 27 наурыздан 31 наурызға дейін. Семинар барысында мынадай мәселелер қаралды: 1) Құрылыста баға белгілеуді реформалау. Құрылыс өнімінің бағасын қалыптастырудың ресурстық әдісіне көшу; 2) Құрылыс жобаларының сметалық-экономикалық бөлімін ресурстық әдіспен әзірлеу; 3) Ресурстық әдісте пайдалану үшін 2001 жылғы сметалық нәтижелерді қайта өңдеу. Құрылыс жобаларына интегралды жинақталған сметалық құжаттаманы әзірлеу және әзірленген нәтижелерді өзі бақылау; 4) Құрылыс өнімінің бағасын ресурстық әдіспен қалыптастыру. Жергілікті сметалық құжаттамасын ресурстық әдіспен шығару үшін АВС-тың бастапқы деректерін әзірлеудің үш кезеңді технологиясын қолдану тәжірибесі. 5) Объектілер мен құрылыстар бойынша, құны, қажетті ресурстар, жұмыс көлемдері, қажетті жабдықтар бойынша кешенді бағалауды қалыптастыру тәжірибесі. Семинарды АВС бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеушісі – «Инком» ЖШС жүргізді. Семинар аяқталғаннан кейін семинарға қатысушыларға «Инком» ЖШС-нің куәліктері берілді.