Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Еңбек жанжалдары және еңбек дауын шешу. Келісу комиссиясы. Татуластыру комиссиясы» тақырыбындағы семинар

2016-10-24
«Еңбек жанжалдары және еңбек дауын шешу. Келісу комиссиясы. Татуластыру комиссиясы» тақырыбындағы семинар
2016 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасы кәсіподақтары федерациясының мәжіліс залында «Еңбек жанжалдары және еңбек дауын шешу. Келісу комиссиясы. Татуластыру комиссиясы» тақырыбында семинар өткізілді, оған «Мемсараптама» РМК-нің қызметкерлері және Кәсіподақ қатысты. Семинар ұйымдастырушысы – «Қазақстан Республикасы кәсіподақтары федерациясының оқыту, зерттеу және дауларды шешу орталығы». Семинарды ҚР КФ-ның оқыту, зерттеу және дауларды шешу орталығы директорының міндетін атқарушы Мейрам Зекешұлы Қажыкен құттықтау сөзімен ашты. Семинарда мынадай мәселелер қаралды: - ұжымдық еңбек дауларын қарау. (Татуластыру комиссиясы). Еңбек төрелігі; - Еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес. Рөлі мен функциялары; - Әлеуметтік әріптестік және кәсіподақтардың басты рөлі; - ұжымдық-шарттық қатынастар (ұжымдық шартты әзірлеу ерекшеліктері). Семинар аяқталғаннан кейін қатысушылар сертификаттар алды