Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Қазақстан Республикасының экологтарына арналған ЭРА бағдарламалық кешені. 2.0. Нұсқасы» тақырыбындағы семинар

2013-06-24
«Қазақстан Республикасының экологтарына арналған ЭРА бағдарламалық кешені. 2.0.  Нұсқасы» тақырыбындағы семинар
2013 жылғы 19-21 маусым аралығында Астана қаласында Новосібір қаласының «Лого Плюс» ғылыми-өндірістік кәсіпорнымен ұйымдастырған «Мемсараптама» РМК-нің сарапшы-мамандары қатысқан «Қазақстан Республикасының экологтарына арналған ЭРА бағдарламалық кешені. 2.0 Нұсқасы» тақырыбында семинар өтті. Аталған семинардың өтуінің негізгі мақсаты сарапшы мамандардың ЭРА бағдарламалық кешенімен жұмыс істеуде практикалық тәжірбие алуы болып табылады. Аталған семинар аясында оқудың аяқталуына қарай сарапшы мамандар ЭРА бағдарламалық кешенімен жұмыс жасау бойынша біліктілікті көтеру курстарын өткені туралы куәлік алды.