Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ҚР-ның инженер-энергетиктер одағының семинары

2012-11-19
ҚР-ның инженер-энергетиктер одағының семинары
2012 жылдың 14-16 қарашасында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы инженер-энергетиктер одағының ұйымдастыруымен «Элеткр беру және электр қосалқы станцияларын жобалау, салу және эксплуатациялаудың қазіргі заманғы тәсілдері» тақырыбына семинар өтті. Семинарға генерация, энергияны бөлу және сатуға мамандандырылған энергетика компаниялары, ғылыми зерттеу және жобалау институттарының өкілдері, құрылыс, монтаж және баптау ұйымдары, өнеркәсіп кәсіпорындары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының қызметкерлері шақырылды. Семинарда инновациялық технологиялар, электр беру және қосалқы станцияның жоғарғы вольтты желілерін салудың қазіргі заманғы тәсілдері негізінде электр желілерін жаңғырту мәселелері қаралды. Қатысушылар ЭБЖ мен қосалқы станциялар салу, ТОБЖ-н (SkyWrap технологиясы) жерүсті төсеуге арналған инновациялық шешімдер, қазіргі заманғы пассивті өртке қарсы қорғаныс, сондай-ақ электр кабельдеріне арналған ПИРОСЕЙФ-тің өрттен қорғау материалдары мен жүйелерін қолдану кезінде монтаждау жұмыстарының өндірісі тәжірибесі мен тәсілімен танысты. 16 қарашада қатысушылар 4-ші Central Asia Industry Platform Халықаралық көрмесіне қатысты.