Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Келешекте қазақстандық электр машиналарын жасау» семинар кеңесі

2012-10-30
«Келешекте қазақстандық электр машиналарын жасау» семинар кеңесі
«Келешекте қазақстандық электр машиналарын жасау» семинар кеңесі
2012 жылдың 23-25 қазанында «Мемсараптама» РМК-ның мамандары Оңтүстік Қазақстан обылсы Кентау қаласындағы «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ы өткізген «Келешекте қазақстандық электр машиналарын жасау» семинар кеңесіне қатысты. Сондай-ақ семинар кеңеске мемлекеттік органдардың басшылары, қазақстандық және шетел компанияларының басшылары қатысып, энергетика және электр машиналарын жасау саласындағы Қазақстан Республикасының өнеркәсібін дамытудың өзекті мәселелерін талқыланды. Энергетикалық саланы дамыту, «жаңа энергетика» саласы мен мұнай және тау кен өндіру өнеркәсібінде пайдаланылатын энергия үнемдейтін трансформатор жабдықтарына, бұйымдарына, сондай-ақ келешекте жаңа бұйымдар шығаруға жаңа әзірлемелер мәселелері қаралды. Семинар кеңестің қатысушылары зауыттың өндірістік алаңдарында болып, шығарылатын өнімнің экспозициясымен танысып, сондай-ақ «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ-ы бастамашы болып табылатын политехникалық колледжінің ашылу салтанатына қатысты.