Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ТМД қатысушы-мемлекеттерінің құрылыс қызметіндегі ынтымақтастығы жөніндегі Үкіметаралық кеңестің баға белгілеу жөніндегі кезекті отырысы

2012-10-16
ТМД қатысушы-мемлекеттерінің құрылыс қызметіндегі ынтымақтастығы жөніндегі Үкіметаралық кеңестің баға белгілеу жөніндегі кезекті отырысы
2012 жылдың 11-нен 12 қазанына дейін Душанбе қаласында ТМД қатысушы-мемлекеттерінің құрылыс қызметіндегі ынтымақтастығы жөніндегі Үкіметаралық кеңестің баға белгілеу жөніндегі кезекті отырысы өтті. Баға белгілеу комиссиясының кезекті отырысының жұмысына Әзірбайдан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан Республикалары мен Ресей Федерациясынан Комиссия мүшелері қатысты. Қазақстан Республикасының атынан делегация құрамында «Мемсараптама» РМК-ның жобалар сараптамасы басқармасының бастығы З.А.Қайырова, «ҚазҒЗСТҚСИ» РМК-ның бас директорының орынбасары Д.Н.Бобряшов, «ҚазҒЗСТҚСИ» РМК-ның баға белгілеу орталығының директоры Б.Б.Жанұзақов, «ҚазҒЗСТҚСИ» РМК-ның баға белгілеу орталығының талдау бөлімінің бастығы А.О.Тілеуберлин болды. Комиссия отырысында З.А.Қайырова «Құрылыс саласындағы техникалық реттеу жүйесін реформалау шеңберінде ҚР-ның құрылысында баға белгілеудің реформасы туралы» тақырыпқа және «Қазакстан Республикасындағы құрылыс ресурстарын классификациялау және кодтау туралы» баяндамасына Б.Б.Жанұзақов тұсаукесер өткізді. Талқылау нәтижесінде халықаралық статистикалық кодтау жүйесінің жалпы қабылданған үйлесіміділігіне сай құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын кодтаудың 12-разрядты жаңа жүйесі туралы Қазақстан Республикасының ұсыныстары қабылданып мақұлданды, сондай-ақ Қазақстан Республикасына нарық тәсілдерінде баға белгілеудің ұлттық жүйесіне өтудің қазіргі заманғы кезеңіндегі құрылыс ресурстарын кодтау жүйесінің мәселелерін оқып-үйренуге арналған практикалық семинар-кеңес ұйымдастыруға ұсыным берілді.