Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстандық қамту жөніндегі республикалық семинар

2012-10-08
Қазақстандық қамту  жөніндегі республикалық семинар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасын орындау үшін 2012 жылдың 5-6 қазанында Павлодар қаласында 2012 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша құрылыс жобаларындағы қазақстандық қамту бойынша семинар-кеңес болып өтті. Семинар жұмысына «Мемсараптама» РМК филиалдарының қызметкерлері, Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.Д.Әбдіқалықов және Павлодар өңірі бойынша құрылыс материалдары, бұйымдары, конструкциялары мен жабдықтары бойынша жетекші өндіріс өкілдері қатысты. Жиналыстың кіріспесін ашқан «Мемсараптама» РМК бас директорының орынбасары А.Сманқұлов Қазақстан Республикасындағы құрылыс жобаларындағы қазақстандық қамту үлесін ұлғайтуға бағытталған шаралардың маңыздылығы мен мәніне тоқталды. Сондай-ақ ол есеп беру кезеңінде республикалық жобалардың мемлекеттік сараптамасы жүйесінде қол жеткізілген нәтижелер мен ағымдағы міндеттер туралы баяндап берді. Республикалық семинар кезінде баяндамалар тыңдалып «Қазэнергокабель» АҚ, «Arinvest» ЖШС, Павлодар құбыр прокат зауыты» ЖШС, «Sigmetex» ЖШС, «Завод МВИ» ЖШС, «Стирол» компаниясы ЖШС, «ҚазБитумСервис» ЖШС және басқалары сияқты кәсіпорындары өнімдерінің тұсауы кесілді. Республикалық семинарға қатысушылар жұмыс істеп тұрған кәіпорындардағы технологиялар мен жабдықтарымен танысу мақсатында «Қазэнергокабель» АҚ, «Павлодар құбыр прокат зауыты» ЖШС, «Sigmetex» ЖШС-де болды. 2012 жылдың 9 айында «Мемсараптама» республика бойынша өндірістік және азаматтық-тұрғын үй мақсатындағы объектілер құрылысына (қайта жаңартуға, күрделі жөндеуге) арналған 7312 бірлік жобалау құжаттамасын қарады, кеңіненн таралған отандық құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкциялары мен жбдықтарын кеңінен пайдалану көзделген. Мемсараптаманың құрылыс жобаларында қаралған қазақстандық қамтуға жүргізілген талдау көрсеткендей отандық құрылыс индустриясының өнімдеріне қабылданған шаралар нәтижесінде ағымдағы жылдың 9 айындағы үлесі ресурс құнының 78%-н құрады. «Мемсараптама» РМК-ы Астана қаласында 140 орынды бала бақша салуды бастады. Әлеуметтік бағыттылық мақсатында «Мемсараптама» РМК 2012 жылдың қыркүйегінде Астана қаласында «Мемсараптама» РМК-ы мен Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің қызметкерлерінің балаларына арнап 140 орынды бала бақша құрылысын салуды бастады.