Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Экологиялық кодекс. Құқық қолдану

2012-09-18
Экологиялық кодекс. Құқық қолдану
2012 жылғы 10-нан 12 қыркүйегі аралығында Алматы қаласында Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласында Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК-ның қайта даярлау және біліктілікті көтеру орталығы ұйымдастырған «Экологиялық кодекс. Құқық қолдану» тақырыбына семинар өтті, оған «Мемсараптама» РМК-ның маман-сарапшылары қатысты. Осы семинарды өткізудегі басты мақсат мамандардың біліктілігін көтеру, тәжірибе алмасу және тікелей іскерлік қарым-қатынас орнату. Семинарда келесі мәселелер қаралды: Қазақстандағы экологиялық саясат, өндірістегі қалдықтармен жұмыс істеу және тұтыну, қалдықтар өндірісі және тұтыну бағдарламасын жасау, табиғатты пайдаланушыларды экологиялық тексеру құқын қолдану тәжірибесі, Экологиялық кодекстегі қоршаған ортаны қорғау мониторингі, экологиялық құқық бұзушылық түрлері бойынша үшін жауапкершілік, Экологиялық Кодекстегі қоршаған орта мониторингі, Қазақстан Рсепубликасындағы ратификатталған халықаралық құқық және табиғат қорғау конвенциясы, Қазақстан Республикасындағы булау газын реттеу саясаты, Киот хаттамасының мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер, өнеркәсіпетік кәсіпорындардың шығының алдын алудың экологиялық талаптары, қоршаған орта эмиссиясына рұқсат. Оқу соңнда маман-сарапшыларға біліктілігін көтеру курсын аяқтады деген куәлік берілді.