Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Пырақты тұлпар» фестивалі

2012-09-25
«Пырақты тұлпар» фестивалі
2012 жылдың 21 қыркүйегінде Өскемен қаласында «Мемсараптама» РМК-ның ұйымдастыруымен Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған «Пырақты тұлпар» фестивалі өтті. Тіл күнін тойлауға «Мемсараптама» РМК-ның барлық аумақтық бөлімшелері қатысты. Фестиваль аясында үш турдан тұратын конкурс өткізілді: «Аумақтық бөлімшенің тұсаукесері» бейнеролигін көрсету, қазақтың халық әндерін орындау концерттік нөмірі, Қазақстан Республикасында тұратын ұлттардың салт-дәстүрлерін көрсету. Қатысушылардың қойылымдары бірегейлігімен, тақырып-тылығымен және талантты орындаушылығымен ерекшеленді. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды. «Мемсараптама» РМК-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы фестиваль жеңімпазы эстафетасын «Мемсараптама» РМК-ның Алматы облысы бойынша филиалына берді, фестиваль келесі жылы Талдықорған қаласында өткізілетін болды. ІІ орынды «Мемсараптама» РМК-ның Шығыс Қазақстан облысы филиалы, ІІІ орынды «Мемсараптама» РМК-ның Алматы қаласындағы филиалы иеленді. Сондай-ақ, фестивальға қатысушылар номинациялар бойынша грамоталар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды: - үздік режиссерлық жұмыс («Мемсараптама» РМК-ның Алматы қаласындағы филиалы); - қазақ халық әндерін үздік орындау («Мемсараптама» РМК-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы); - ең үздік бірегеу және жарқын көрініс («Мемсараптама» РМК-ның командасы); - ең үздік ұлттық костюм («Мемсараптама» РМК-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы).