Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2012-12-04 күнінлені Мамандардың біліктілігін көтеру ревизиясы

«Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің біліктілігін көтеру туралы
АҚПАРАТ

Мемлекеттік сарапшылардың кәсіби біліктілігін көтеруге бағытталған ең маңызды шаралардың бірі – ол олардың біліктілігін көтеру және оларды қайта дайындықтан өткізу.
«Мемсараптама» РМК-ның 2012 жылға арналған бекітілген біліктілікті көтеру бағдарламасына сәйкес мынадай семинарлар өткізілді:
2012 жылдың 23-нен 27 қаңтарына Астана қаласындағы «ИндорСофт» ААҚ компаниясының оқу орталығында «IndorCAD/Road» САПР пайдаланып автобиль жолдарын іздестіру және жобалау» тақырыбына оқу семинарлары өткізіліп, «Мемсараптама» РМК-ның мамандары қатысты. Оқк аяқталған соң мамандар кәсібилік сертификатын алды.
«ҚазГеоСинтетика» ЖШС-нің шақыртуы бойынша 2012 жылдың 24-нен 26 ақпан аралығында Алматы қаласында отындық геосинтетика түріндегі жоғарытиімді материалдардың өндірісімен танысу мақсатында «Мемсараптама» мамандарының Алматы қаласына барып қайтты.
2012 жылдың 29 ақпанынан 2 наурызына дейін Алматы қаласында Қазақстан Рсепубликасының инженер-энергетиктері одағының ұйымдастыруымен «БЭЭЕАЖ – Қазақстан энергетикасы нарығындағы өзара есеп айрысудың өркениетті тәсілдері» тақырыбына халықаралық өндірістік-техникалық семинары өтті, оған «Мемсараптама» РМК-ның маман-сарапшылары мен «Альстом» ААБ (Ресей), «Сайман» корпорациясы» ЖШС, «Сигма Телас» ЖАҚ» ЖШС (Литва), «Эльетер Метроники» (Ресей) ААБ, «Қазсельэнергожоба» институты» ЖШС, «ЭМИТЕР» (Польша) фирмасы сияқты өндіруші отандық және шетелдік компаниялардың өкілдері қатысты.
Семинарға қатысушылар Алматы қаласындағы «Сайман» корпорациясы» ЖШС кәсіпорнында болды.
Маман-сарапшылар оқуды аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасындағы инженер-энергетик одағының сертификатын алды.
«ҚазГеоСинтетика» ЖШС-нің шақыртуымен «Мемсараптама» РМК-ның мамандары 2012 жылдың 24-нен 26 ақпаны аралығында Алматы обылсының Қайрат кентіндегі зауытта болджы және геосинтетикалық материал өндірісімен танысты. «Мемсараптама» РМК-ның мамандарына шақыртушы жақ геотекстиль материалдарын төсеу технологиясы мен түрлерін таныстырды. Олардың сынақ нәтижесінде төзімділікке қасиетке ие екендігін, сондай-ақ сериялық өндіріске сәйкестік сертификаты мен жол құрылысында отандық материалдарды кеңінен қолдануға болатындығына атап өтті.
«Прогресс» ғылыми-техникалық ақпарат орталығы (Ресей Федерациясы, Санкт-петербург қаласы) халықаралық семинар ұйымдастырып өткізді, оған «Мемсараптама» РМК-ның мамандары қатысты:
1) 2012 жылдың 3-нен 7 сәуірі аралығында «Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттардың жылу, жылыту және ауаны баптауды жобалау және пайдалану кезінде энергияның тиімділігі технологиясы» тақырыбына.
Сабақты Е.П.Вишневский және В.А.Белянин атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық университетінің лекторлары жүргізді.
2) 2012 жылдың 26-нан 30 наурызына дейін «Талшықты-оптикалық байланыс желісі. Жобалау. Салу және техникалық пайдалану».
Сабақты Ресей Федерациясының телекоммуникация саласындағы жетекші фирмалары мен сарапшы ұйымдардың мамандары жүргізді.
3) 2012 жылғы 12-нен 17 наурызына дейін «Газ бөлу және газбен жабдықтаудың өзекті мәселелері» тақырыбына.
4) 2012 жылғы 21-нен 25 мамырына дейін «Жобалау-сметалық құжаттамасының сараптамасы» тақырыбына.
5) 2012 жылғы 22-нен 25 мамырына дейін «Электрмен жабдықтау және электр жабдықтары объектілерін жобалау, монтаж, пайдалану. Практикалық мәселелер» тақырыбына өңіраралық семинар.
6) 2012 жылдың 11-нен 15 маусымына дейін «Қазандықтарды жобалау және салу. Қазандықты пайдалануға беру».
7) 2012 жылғы 26-нан 29 маусымға дейін «Электр энергетикалық объектілерін жобалау және салу».
8) 2012 жылғы 23-нен 28 қыркүйегінен «Шаруашылық-тұрмыстық және жер үсті сарқынды суларының тазарту құрылыстарын жобалау, салу, қайта жаңарту».
«Прогресс» ҒТАО оқу орталығы ақпарат – анықтамалық материалдар жинағы мен мемлекеттік үлгідегі қысқамерзімді біліктілігін көтергені туралы куәлік беррілді.
2012 жылғы 18-нен 20 наурызына дейін «Мемсараптама» РМК-да (Астана қаласында) «Мемсараптама» АЖ» автоматтандырылған жүйесінің жаңа платформасына республикалық семинар өткізілді, оған «Мемсараптама» РМК-ның барлық аумақтық бөлімшелеріндегі ІТ-мамандар қатысты. Семинарды осы жүйені әзірлеуші «Экомаш» АК ААБ (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) жүргізді.
2012 жылдың 5-нен 7 сәуіріне дейін Талдықорған қаласында «Елдегі техникалық реттеу жүйесін реформалау бағдарламасына сәйкес Жобаларды мемлекеттік сараптау және жобалау сапасын көтеру мәселелері» республикалық семинар-кеңес өтті.
«Викон» компаниясының (Ресей Федерациясы) мамандар тобы 2012 жылғы 12 сәуірде «Қазақстан Республикасында құрама-қаңқалы үй салу технологиясы» семинарын ұйымдастырып өткізді, оған «Мемсараптама» РМК –ның маман-сарапшылары, Қазақстан Республикасының құрылыс компаниялары мен жобалау ұйымдарының өкілдері қатысты.
Алматы қаласында Достық үйінде 2012 жылдың 17 сәуірінде «Кәсіби кадрлар және Қазақстан аумағы кеңістігінің стратегиясы» тақырыбына конференция-семинар болды, оны ұйымдастырған Қазақстан Қала құрылысшылары одағы, Қазақстан Рсепубликасы Сәулетшілер одағы, Қазақстан Дизайнерлер одағы, Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы және Қазақстан жобалаушыларының қауымдастығы. Конференция-семинарының күн тәртібіндегі ең маңызды сәт салалық қауымдастық базасында біліктілігін растаудың тәуелсіз орталығын пилоттық режимде құру туралы келтірілген творчестволық және салалық бірлестіктерге қатысу мәселелері.
Қазақсатн Республикасы Президентінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 261 Жарлығымен бекітілген Елбасының Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауын іс асыру бойынша жалпыхалықтық жоспарын орындау шеңберінде осы мәселе қаралды.
«АККЕ Астана» компаниясы 2012 жылы 23 сәуірде «АККЕ» автоматтандырылған мониторинг жүйесі бойынша семинар өткізді, онда «Мемсараптама» РМК мен оның аумақтық бөлімшелерінің мамандары қатысты.
«ИнфоТеКС» ААҚ (VPN ресей нарығының сәруәрі) «Ak Kamal security» (ақпаратты қорғаудың бағдарламалық-ақпараттық құралдарын өндіруші) 2012 жылы 25 сәуірде Астана қаласында «ViPNet KZ» көмегімен ақпаратты қорғау» тақырыбына Астана қаласында 2012 жылы 25 сәуірде семинар өткізді. Семинар ақпараттық қауіпсіздік және жүйелі әкімшілендіру бойынша мамандарға арналып өткізілді.
Дубай қаласында (БАӘ) 2012 жылдың 23-26 сәуірінде Legrand Әріптестер тобының форумы өтті, оған «Қарағанды Жарық» ЖШС, «MDS Company» ЖШС, «ҚОР» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «ҚұлсарыГаз» ЖШС, Назарбаев Университет, «ДСП» ЖМ, «Мирас» АҚ, «Кастодор» ЖШС, «Logycom» АҚ, «Қызылорда БЭК» АҚ, «ДАМУ ЦТ» ЖШС, сияқты қазақстандық компаниялар мен ұйымдар және «Мемсараптама» РМК-ның мамандары қатысты.
«Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын кешенді әзірлеу жөніндегі 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 106-ө Өкімін іске асыру шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдардың, кәсіби қоғамдық бірлестіктердің, салалық жобалау институттарының және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен кеңейтілген семинар-кеңес өткізілді.
2012 жылғы 4 мамырда онлайн-режимде «Таң қалдыратын конструкция. Тез арадағы есеп» тақырыбына вебинар өтті, оны «ProjectCom» ЖШС (Павлодар қ.) «Лира Сервис» АҚБ (Мәскеу қ. Ресей) әзіреушілерімен бірге Лира САПР өткізді.
Вебинар мақсаты көтергіш құрылыс конструкцияларының есебіне арналған ПК Лира-САПР 2012 жаңа нұсқасымен таныстыру болды, Autodesk Revit Structure 2012, Лира САПР 2012 орындалған қолда бар жобалар негізінде жүргізілді.
2012 жылдың 15-нен 18 сәуіріне дейін Алматы қаласында өткен Қазақстан қала құрылысы одағы, Халықаралық қала құрылысы одағын құруды дайындау шеңберіндегі конференция-семинарға мамандар қатысты.
2012 жылғы 2-нен 5 мамырда Алматы қаласында «Мемсараптама» РМК-ның аумақтық бөлімшелерінің сметалық құжаттамасы бойынша сарапшылардың жобалау ұйымдары мен ұйым-тапсырысшыларының өкілдерімен бірге Қазақстан Республикасы Агенттігінің өкілдерінің қатысуымен республикалық семинар өтті.
2012 жылдың 17 мамырында «Мемсараптама» РМК-да «Sigmаtex» ЖШС Sigma Commercial Product Ltd (Англия) компаниясымен бірге сумен жабдықтау, сарқынды және өнеркәсіп суларының канализациясы және су бұру жүйелеріне арналған Sigmаtex жылжымаларының тұсаукесер семинары өткізілді.
2012 жылдың 22 мамырында «Мастерпайп» компаниясы Saint-Gobain PAM француз концернінің ресми дистрибьютері «Құбыр өткізгіштерінің баламалы технологияларын салыстыруда ВЧШГ құбыр өткізгіштері» тақырыбына семинар өткізді.
2012 жылдың 30 мамырынан 31 мамыры аралығында «Мемсараптама» РМК-да аумақтық бөлімшелердің құжат айналымы және мұрағат ісін жүргізу бойынша мамандарына арналған республикалық семинар өтті. Семинарға «Мемсараптама» РМК-ның 16 аумақтық бөлімшелерінің құжаттама қызметінің мамандары қатысты.
2012 жылдың 14 маусымында Астана қаласында «Мемсараптама» РМК-ның сарапшы-сметашыларымен «Қазақстан Рсепубликасындағы құрылыста баға белгілеу және жобалау» тақырыбына семинар өтті.
2012 жылдың 19-нан 23 маусымына дейін «YCS Oberreuter AS Hochwed» компаниясының шақыруымен «Тау-Кен-Алтын» ЖШС және «Қазмеханобр» ГНПОПЭ ЕМК қазақстандық делегация құрамында «Мемсараптама» РМК мамандары да Германиядағы жұмыс істеп тұрған аффинаж зауытында болды.
2012 жылдың 20-нан 23 маусымына дейін Алматы қаласында «Мемсараптама» РМК-ның аумақтық бөлімшелерінің инженерлік желілері мен жүйелері жөніндегі сарапшыларға арналған республикалық семинар өткізілді.
2012 жылдың 25-нен 26 маусымына дейін Орал қаласында Қазақстан Республикасыныңғ Сәулетшілер одағының кезекті ХVI съезі өтіп оған «Мемсараптама» РМк-ның мамандары қатысты.
2012 жылдың 5 шілдесінде Астана қаласында «Салтанатты» тұрғын үй кешенін салу пилотты жобасын Еурокод негізінде әзірлеген «VDS» (Германия, Дюссельдорф) жобалау компаниясының мамандарының қатысуымен семинар өтті.
2012 жылдың 20-нан 23 тамызына дейін Алматы қаласында «Қазақстандық сапаны ұйымдастыру» ЖШС-нің ұйымдастыруымен ISO 9001:2008, ISO 14001:2004 және OHSAS 18001:2007» халықаралық стандарттар талаптары негізінде біріккен менеджмент жүйесінің ішкі аудиторларын дайындау» семинарына қатысты.
2012 жылдың 10-нан 12 қыркүйегіне дейін бас маман А.Ұ.Шоқпарова Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық талдау орталығы» РМК қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы қайта дайындау және біліктілікті көтеру орталығы ұйымдстырған «Экологиялық кодекс. Құқық қолдану» тақырыбына өткен семинарға қатысты.
2012 жылдың 5-6 қазанында Павлодар қаласында құрылыс жобаларындағы қазақстандық қамту үлесі бойынша өткен ресупбликалық семинарға «Мемсараптама» РМК-ның сарапшы мамандары қатысты.