Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстан Республикасындағы жобалардың мемлекеттік сараптамасының жүйесі » Объектілер мен кешендер құрылысы жобаларының мемлекеттік сараптамасы

Объектілер мен кешендер құрылысына арналған құжаттамалардың мемлекеттік сараптамасы – кәсіпорындар, үйлер мен ғимараттар құрылысына арналған жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының сапасына мемлекеттік баға берудің негізгі формасының бірі.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы” Заңында жобалардың мемлекеттік сараптамасы біртұтас мемлекеттік жүйе деп көрсетілген, оның қызметін қайталауға жол берілмейді. Осы заңнамалық нормаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі №304 “Мемлекеттік монополия субъектілерінің және осы субъектілер монополиялық жағдайда болатын салалардың тізбесін бекіту туралы” және 2005 жылғы 3 қазандағы №991 “Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі №304 қаулысына толықтыру енгізу туралы” қаулыларына сәйкес құрылыс жобаларына мемлекеттік сараптама жүргізу мемлекеттік монополия саласына жатқызылады, ал “Мемсараптама” РМК оның субъектілері тізбесіне енгізілген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы №918 қаулысымен бекітілген “Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесінің” 3 және 4 тармақтарына сәйкес (02.12.2004 ж. №1250, 16.06.2006 ж. №557 және 07.07.2006 ж. №647 Үкіметтің қаулыларына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар) жобаларға сараптауды сәйкес лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асыра алады. Бұл ретте, жобалардың мемлекеттік сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлғаға жүзеге асырады, оның өзге қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ. Мемлекеттік сараптаманың айрықша құзіретіне жатпайтын жобалар сараптамасын сараптамалық жұмыстар нарығының субъектілері аккредиттелген және аттестацияланған мемлекеттік емес сараптау орталықтары мен (немесе) сарапшылар жүзеге асырады.
Жобалардың мемлекеттік сараптамасын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға белгіленген тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі ведомствоға бағынышты өкілетті орган ұйымының тізбесіне енгізіледі.
“Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы” Заңының 64 бабына және жоғарыда келтірілген Ереженің 16 тармағына сәйкес белгіленгендей, мемлекеттік сараптаманың ерекше құзіретіне инвестициялардың негіздемелеріне, техника экономикалық негіздемелер мен есептерге және: мемлекеттік инвестициялар есебінен немесе олардың қатысумен тұрғызылған, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз тұрғызылған, бірақ заңда белгіленген тәртіппен өнім шығару немесе көрсетілген қызметтер көлеміндегі мемлекеттік меншік үлесі көзделетін жобалау құжаттамаларына; санитарлық, экологиялық, өрт және жарылыс қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, конструкциялардың сенімділігі, ықтимал қауіпті және техникалық жағынан күрделі объектілердің жұмыс істеуінің тұрақтылығы, мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтары үшін әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік нормативтік талаптарға сәйкестігі бөлігінде, құрылысты қаржыландыру көздеріне қарамастан, объектілердің (кешендердің) құрылысына арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларына сараптама жасау жатады.
Техникалық жағынан күрделі құрылыс объектілерінің тізбесі ғимараттар мен құрылыстарды техникалық күрделі санатқа жатқызудың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жалпы тәртібіне сәйкес айқындалады.
Мемлекеттік сараптамаға құрылыстың ірі және күрделі объектілері немесе салыну ұзақтығы алты айдан асатын объектілер бойынша мердігерлік жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) мемлекеттік сатып алу ісін жүргізуге арналған конкурстық (тендерлік) құжаттама да жатады.