Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Аккредиттелген сараптама ұйымдарына (тізім бойынша) Порталды және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы хабарлама

2020-07-15
Аккредиттелген сараптама ұйымдарына (тізім бойынша)Порталды және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы хабарлама «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес, «Мемсараптама» РМК портал Операторы және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың ақпараттық жүйесінің Операторы болып табылады. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 670 бұйрығымен «Бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілген. Осы уақытқа дейін аккредиттелген сараптама ұйымдары ведомстводан тыс кешенді сараптаманың порталын (бұдан әрі - Портал) және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ВКС АЖ) уақытша тіркелу арқылы пайдаланған болатын. Қағидалардың 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Порталға қатысушы порталда тіркелген және электрондық өтінімдерді қабылдауды ұйымдастыру үшін оның ресурстары мен компоненттерін пайдаланатын сараптама ұйымы болып табылады. Қағидалардың 12-тармағына сәйкес, аккредиттелген сараптама ұйымы порталға қатысушы ретінде тіркелу үшін портал операторымен Порталды пайдалану тәртібі туралы келісім жасайды. Қағидалардың 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ВКС АЖ-ны пайдаланушы ВКС АЖ-да тіркелген және келіп түсетін электрондық өтінімді қарауға байланысты рәсімдер мен операцияларды автоматтандырып орындау үшін оның ресурстары мен компоненттерін пайдаланатын сараптама ұйымы болып табылады. Қағидалардың 36-тармағына сәйкес, сараптама ұйымын ВКС АЖ-ны пайдаланушы ретінде тіркеу аккредиттелген сараптама ұйымы оның операторымен ВКС АЖ-ны пайдалану тәртібі туралы келісімді бекіткен сәттен 3 жұмыс күні ішінде ВКС АЖ операторымен жүргізіледі. Порталды және ВКС АЖ-ны пайдалану үшін бағалықтар (бұдан әрі - Бағалықтар) «Мемсараптама» РМК-нің 2020 жылғы 13 шілдедегі № 166 бұйрығымен бекітілген. Порталды пайдалану үшін Бағалықтар Қағидалардың 15-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 24-02-24/326-И хатымен келісілді. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, аккредиттелген сараптама ұйымына Порталды және ВКС АЖ-ны одан әрі пайдалану мүмкіндігі үшін Сізге келесі тәртіппен тіркелу рәсімдерін өту қажет: 1. Порталда тіркелу рәсімі: 1) Бағалықтарға сәйкес Порталды пайдалану үшін абонементтік төлем түрін таңдау; 2) Операторға қоса беріліп отырған № 1 нысан бойынша осы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде өтінім беру; Осы хабарламаны алған күннен бастап; 3) «Мемсараптама» РМК-нің 2020 жылғы 14 шілдедегі № 167 бұйрығымен (бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі) бекітілген нысан бойынша Порталды пайдалану тәртібі туралы келісім жасау; 4) таңдалған абонементтік төлем түріне сәйкес Порталды пайдалану үшін төлемді енгізу. 2. ВКС АЖ-да тіркелу рәсімі: 1) Бағалықтарға сәйкес ВКС АЖ-ны пайдалану үшін абонементтік төлем түрін таңдау; 2) Операторға қоса беріліп отырған № 2 нысан бойынша осы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде өтінім беру; 3) «Мемсараптама» РМК-нің 2020 жылғы 14 шілдедегі № 167 бұйрығымен (бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі) бекітілген нысан бойынша ВКС АЖ-ны пайдалану тәртібі туралы келісім жасау; 4) таңдалған абонементтік төлем түріне сәйкес ВКС АЖ-ны пайдалану үшін төлемді енгізу. Бұл ретте, аккредиттелген сараптама ұйымдарының Порталды және ВКС АЖ уақытша (өтеусіз) тіркелу арқылы пайдалануы «Мемсараптама» РМК Порталды және ВКС АЖ-ны пайдалану үшін бағалықты (бағалықтар 2020 жылғы 13 шілдедегі № бұйрықпен бекітілген) бекіткен күннен бастап бір ай өткен соң тоқтатылатынын және құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сарапатаманың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы бұрын жасалған Келісімдер көрсетілген мерзім өткеннен кейін бұзылған болып саналатынын хабарлаймыз. Осыған орай, Порталда және ВКС АЖ-да қызметті үздіксіз қамтамасыз ету мүмкіндігі үшін уақытша (өтеусіз) тіркеу мерзімі өткенге дейін жоғарыда көрсетілген тіркеу рәсімдерін өтуіңіз қажет. Қосымша: 1. «Бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін «Мемсараптама» РМК порталы мен ақпараттық жүйесін жүргізу бағаламасын бекіту туралы» «Мемсараптама» РМК-нің 2020 жылғы 13 шілдедегі № 166 бұйрығы; 2. «Порталы және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың ақпараттық жүйесін пайдалану тәртібі туралы келісім насындарын бекіту туралы» «Мемсараптама» РМК-нің 2020 жылғы 14 шілдедегі № 167 бұйрығы; 3. Порталды пайдалануға өтінім (№ 1 нысан); 4. ВКС АЖ-ны пайдалануға өтінім (№ 2 нысан);
AttachmentКөлем
prikaz_ot_13.07.2020_no_166.pdf737.73 Кб
prikaz_ot_14.07.2020_no_167.pdf529.02 Кб
forma_zayavki_na_portal_kaz.docx16.57 Кб
forma_zayavki_na_is_kve_kaz.docx17.88 Кб
uvedomlenie.pdf459.26 Кб
spisok_aeo.docx22.89 Кб