2021 жылғы 12 айдағы деректер бойынша "Мемсараптама" РМК жүйесімен құрылыстың мәлімделген сметалық (есептік) құны 12 632,036 млрд.теңге болатын құрылысқа арналған құжаттаманың 3 221 бірлігі қаралды. Оның ішінде құрылыстың сметалық (есептік) құны 11 702,520 млрд.теңгені құрайтын 2 900 бірлік бекітуге ұсынылды.
Жобалау құжаттамасының сапасы төмен болғандықтан, кемшіліктер мен нормативтік талаптардың бұзылуымен сипатталатын сараптама нәтижесінде құжаттаманың 321 бірлігі пысықтауға қайтарылды.