Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» АЖ

«Мемсараптама» РМК әзірлейтін Құрылыс жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған EPSD.KZ бірыңғай порталы және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесі ВКСБАЖ құрылыс жобаларын сараптау кезінде құжаттаманы қабылдау, өңдеу және беруді автоматтандыру құралы болып табылады.

EPSD.KZ бірыңғай порталы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығының ережелеріне сәйкес жұмыс істейді және сараптама жүргізу кезінде мемлекеттік монополияға жатқызылатын жобалар үшін, сонымен қатар аккредиттелген сараптама ұйымдарының қарауына жататын объектілер үшін де «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Жобаларды бөлу сараптама жұмысының тапсырыс берушісі көрсеткен өлшемдерге байланысты автоматты түрде жасалады.

Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған өтінім беру кезіндегі жеке кабинет пайдаланушысының жұмысы ұсынылып отырған жоба бойынша ақпаратты қадамдық толтыруға дейін жеңілдетілді. Бұрын тапсырыс беруші тарапынан қол қоюды талап еткен барлық рәсімдер қазір электрондық-цифрлық қолтаңбаны қолданумен ресімделеді. Сараптама жүргізуге арналған әр бір өтінім сатылы кестемен автоматты түрде жабдықталады, онда пайдаланушының ағымдағы қарау сатысын қадағалап отыруға мүмкіншілігі бар.

ВКСБАЖ өз кезегінде кіру өтінімін автоматты тіркеуден бастап, келісілген электрондық қорытындыны Бірыңғай порталды пайдаланушының жеке кабинетіне бергенге дейінгі барлық қажетті процестерді толығымен қамтиды.

Ақпараттық жүйе барлық тартылған орындаушылар бойынша жауапкершілікті бөлу кезінде ашықтықты қамтамасыз етеді, барлық маңызды уақытша белгілерді автоматты түрде белгілеп қояды, мерзімдерді ұйымдастыруға және персоналдың жұмысының көптігін бақылауға және тиісінше «Мемсараптама» РМК-нің өндірістік қызметінің жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Жоғарыда көрсетілген EPSD.KZ және ВКСБАЖ ақпараттық жүйелері «Мемсараптама» РМК-дегі құжатайналымы электрондық жүйесінің бірнеше буынын ендіру, пайдаланушылар мен қызметкерлердің талаптарына сүйене отырып, оларды біртіндеп жетілдіру және жаңғырту бойынша интеграциялау жұмысы нәтижесі болып табылады.

Ақпараттық жүйесін пайдалану нәтижесінде сараптама қызметіндегі қажетті ашықтық деңгейіне жету сәтті болып шықты. ВКСБАЖ деректері жөнге салынған жұмыстар арқасында Кәсіпорынның сайтында интерактивті картасын қалыптастыруға және қаралып отырған жобалар мен берілген қорытындылар бойынша мәліметті орналастыруға мүмкіндік береді.

Ақпараттық жүйесінің бағдарламалық және аппараттық бөліктерін тұрақты жаңартуы шұғыл әрекет етуді және өнімділігін одан әрі жоғарылатуға, бұзылуға тұрақтылығын және ақпараттық ресурстардың қорғалуына бағытталған. Қорытындылай келгенде, қазіргі таңда ВКСБАЖ ақпараттық қауіпсіздік бойынша тиісті мемлекеттік талаптардың ақпараттық жүйесі болып табылады.

EPSD.KZ және ВКСБАЖ екеуі қатарымен ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысын – құрылысқа арналған рұқсаттың кезеңдерінің бірін алу процесін жеңілдетуге мүмкіндік беретін кешендік шешімді ұйымдастырады, ол өз кезегінде DoingBusiness дүниежүзілік рейтингінде бағалау өлшемі болып табылады.

EPSD.KZ және ВКСБАЖ-ның жұмыс істеуі экономика саласының цифрландыру мәселелеріндегі мемлекеттің саясатымен толығымен үйлестіріледі. Мемлекет басшысы жариялаған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы щеңберінде болашақта ВКСБАЖ үшін өтінім білдірушінің қатысуынсыз, электрондық түрде ақпаратты лезде беру мақсатында, өзге келісім беретін ведомстволар мен қызметтердің бар ақпараттық жүйелерімен біріктіру жоспарлануда. Бұл қадам құрылыстың жергілікті тапсырыс берушілері үшін рұқсат беру рәсімдерін одан сайын жеңілдетуге, сондай-ақ әлеуетті шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық қызықтырғыштықты жоғарылатуға мүмкіндік береді.