Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қайырымдылық көмек көрсету

2019-09-27
Қайырымдылық көмек көрсету
Қайырымдылық көмек көрсету
Қайырымдылық көмек көрсету
Жыл сайын 5 қыркүйекте Халықаралық қайырымдылық күні аталып өтіледі. бұл күннің аталып өту мақсаты – қоғамның назарын қайырымдылық ұйымдары мен жекелеген тұлғалардың кедейлік пен өзекті гуманитарлық дағдарыстарды еңсерудегі қызметіне аудару, әрине, сондай-ақ олардың еңбектерін елеп, ынталандыру, әлем жұртын, қоғамдық ұйымдарды, сонымен қатар осы бағыттағы шараларға мүдделі жандарды волонтерлық және қайырымдылық шараларға қатысуға жұмылдыру. «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының ұжымы жылдан жылға осы мақсаттағы шараларды жүзеге асыруға өз үлесін қосып, түрлі қайырымдылық акциялары мен іс-шаралар қатысып келеді. Биылғы жылы филиал қызметкерлері Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында емделіп жатқан онкологиялық дертке шалдыққан балаларға атаулы көмек көрсетуді шешті. Ұжым жинаған қаражатқа бастапқы қажетті заттар, күзгі-қысқы балалар киімдері жинақтамалары сатып алынып, аналарға табысталды. Өз кезегінде аталған аналар филиал қызметкерлеріне қамқорлықтары мен мейірім-шапағаттары үшін алғыстарын білдірді. Филиал ұжымы балалардың сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, ата-аналарына сабырлылық пен күш-жігер тілейді.