Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Бір терезе» қағидасы бойынша жобаларды кешенді ведомстволан тыс сараптамадан өткізу тәртібінде және Экологиялық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мәселесі бойынша жиналыс.

2018-09-03
«Бір терезе» қағидасы бойынша жобаларды кешенді ведомстволан тыс сараптамадан өткізу тәртібінде және Экологиялық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мәселесі бойынша жиналыс.
«Бір терезе» қағидасы бойынша жобаларды кешенді ведомстволан тыс сараптамадан өткізу тәртібінде және Экологиялық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мәселесі бойынша жиналыс.
2018 жылдың 27 тамызында «Қоғамдық келісім» КММ-нің (Достық Үйі) кіші конференц залында «Мемсараптама» РМК-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалымен «бір терезе» қағидасы бойынша жобаларды кешенді ведомстволан тыс сараптамадан өткізу тәртібінде және Экологиялық кодексіне (қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру бөлімінде) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мәселесі бойынша жиналыс өткізілді. Жиналысқа БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Б.Е.Айтмагамбетов, БҚО жолаушылар көлігі және автомобил жолдары басқармасы автомобиль жолдарын реконструкциялау және жөндеу бөлімінің басшысы Р.М.Мукатов, БҚО құрылыс басқармасының сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Е.Н.Есимов, БҚО экология департаментінің экологиялық реттеу бөлімінің басшысы Ж.Н.Избулатова, БҚО экология департаментінің экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы Т.Б.Чаганова, Орал қалалық құрылыс бөлімінің өндірістік-техникалық бөлімінің жетекшісі А.А.Молдагалиева, Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Б.Исмагулов, Теректі ауданы сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы С.Б.Бусурманов, сонымен қатар бейнеконференц-байланыс құралы арқылы «Мемсараптама» РМК бас кәсіпорынның өкілдері қатысты. Кіріспе сөзімен «Мемсараптама» РМК-ның БҚО бойынша филиалының директоры С.М.Мендыгалиев күн тәртібіндегі мәселелерді және филиалдың 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша негізгі өндірістік қызметі туралы баяндады және сөзді заңнамадағы өзгерістер туралы толық мәлімдеген «Мемсараптама» РМК бас директорының орынбасары К.Ж.Кажкеновке ұсынды. 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 156-VІ ҚРЗ Заңының 2018 жылғы 08 шілдеде заңға енуіне байланысты, кешенді ведомствадан тыс сараптама құрамында, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің шаруашылық қызметтің I санат құрылыс объектілеріне қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беруімен мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыруы, сондай-ақ, кешенді ведомствадан тыс сараптама құрамында, қоршаған ортаны қорғау саласындағы шаруашылық қызметтің ІІ-ІV санат құрылыс объектілеріне қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беруімен жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыруы орнатылған, 2007 жылғы 09 қантардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне өзгерістермен толықтырулар енгізілді. Жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасының Заңының күшіне еніуімен эмиссияларға және мемлекеттік экологиялық сараптамаға сұранымдарды қабылдау бірыңғай портал құралымен жүзеге асырылады және мемлекеттік сараптама өткізу және эмиссияларға рұқсаттармен экологтар қорытындысы 45 жұмыс күн щенберінде жүргізіледі. Осылайша «бір терезе» қағидасы кеңейтіледі. Экологтар қандай артықшылықтар алады: тапсырыс берушілермен онлайн-қатынас, «Мемсараптама» РМК-мен ескертпелерді генерациялау және мәліметтерді синхрондау, ал тапсырыс берушілерге артықшылықтар келесідей пайда болады: бұл уақытты үнемдеу, ЖСҚ қайтаруы аз, теріс қорытындылар саны азаяды және құжаттамаларды бір уақытта алады. Сондай-ақ, барлық экология басқармалары және департаменттері үшін оқыту шаралары өткізілді, Бірыңғай порталдағы жанартуларымен жұмыс бойынша жадынамалар орналастырылды, бейненұсқаулықтар жариялануға дайындалып жатыр және үнемі негізінде техникалық қолдау көрсетіліп жатыр. Бұдан басқа, https://epsd.kz портал құралы бойынша мемлекеттік сараптамаға жобаларды беру туралы толық түсіндіруімен бағдарламашы В.С.Вернигора сөз сөйледі.