Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Желілердің инженерлік есептерін орындау үшін ZuluGIS геоақпараттық жүйесін және Zulu бағдарламалық-есептік кешендерін қолдану» тақырыбына арналған семинар

2016-04-15
«Желілердің инженерлік есептерін орындау үшін ZuluGIS геоақпараттық жүйесін және Zulu бағдарламалық-есептік кешендерін қолдану» тақырыбына арналған семинар
2016 жылғы 4-8 сәуір аралығында «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының базасында «Желілердің инженерлік есептерін орындау үшін ZuluGIS геоақпараттық жүйесін және Zulu бағдарламалық-есептік кешендерін қолдану» тақырыбына сарапшыларға арналған семинар өткізілді. Оқыту семинарын «Мемсараптама» РМК орталық аппараты мен «СтройДевелопмент» ЖШС (Астана қаласы) бірігіп ұйымдастырды. «Аудит-Политерм» ШЖҚ бас директоры Н.Н. Кузьминнің басшылығымен және Zulu бағдарламалық қамтамасыздауды Әзірлеушіні пайдаланушыларды алып жүру бойынша бас маман Емельянов Д.А. (Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласы) басшылығымен өтті. Семинарға қатысушылар жобаларды ZuluGIS геоақпараттық жүйесін және ZuluThermo (жылумен жабдықтау жүйелері), ZuluSteam (бумен жабдықтау жүйелері), ZuluHydro (сумен жабдықтау жүйелері), ZuluDrain (су бөлу жүйелері), ZuluGaz (газбен жабдықтау жүйелері) бағдарламалық-есептік кешендерін пайдаланумен танысты. Жүргізілген оқыту барысында сарапшылар бағдарламалық қамтамасыздауды қолданудағы еңбек сыйымдылығын әжептәуір төмендететін және сараптамалық жұмыстардың сапасын арттыратын заманауи және қолайлы қызметтік мүмкіндіктер туралы қажетті білім алуға мүмкіндік алды. Семинар соңында барлық қатысушыларға оқытудан өткені туралы белгіленген үлгідегі сертификаттар тапсырылды.