Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК Оңтүстік Қазақстан өңірі филиалы мен ОҚО әкімдігі бірігіп өткізген мәжіліс туралы ақпарат

2016-04-12
«Мемсараптама» РМК Оңтүстік Қазақстан өңірі филиалы мен  ОҚО әкімдігі бірігіп өткізген мәжіліс туралы ақпарат
«Мемсараптама» РМК Оңтүстік Қазақстан өңірі филиалы мен  ОҚО әкімдігі бірігіп өткізген мәжіліс туралы ақпарат
«Мемсараптама» РМК Оңтүстік Қазақстан өңірі филиалы мен  ОҚО әкімдігі бірігіп өткізген мәжіліс туралы ақпарат
«Мемсараптама» РМК Оңтүстік Қазақстан өңірі филиалы жергілікті атқарушы органдармен бірігіп әрекет жасау аясында, сонымен қатар «Мемсараптама» РМК Республикалық мәжілісінің хаттамалық тапсырмаларын орындау мақсатында ОҚО әкімдігімен бірлесіп 14.03.2016 жылы, ОҚО әкімінің бірінші орынбасары Д. Сатыбалдының төрағалығымен құрылыс саласындағы жобалардың сапасын жоғарылатуға және бюджеттік инвестициялардың тиімділігін арттыруға бағытталған мәселелерді талқылауға арналған, мәжіліс өткізілді. Мәжіліске ОҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының, ОҚО сәулет және қала құрылысы басқармасының, ОҚО тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі басқармасының, қалалар және аудандар құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімдері басшылары, «Гео Нұр Құрылыс» ЖШС, «Юкпроектэкспертиза» ЖШС, «Оңтүстік сараптама» ЖШС аккредиттелген сараптама ұжымдарының өкілдері қатысты. Мәжілісті ОҚО әкімінің бірінші орынбасары Д. Сатыбалды ашты, ол өз сөзінде облыста салынуы жоспарланған инвестициялық жобалардың сапасы жалпы алғанда қанағаттарлық екенін айта отырып, кейбір сапасыз әзірленген жобаларға тоқталды. Айрықша атап айтқанда, инфраструктикалық жобалар ішіндегі мыналар Шымкент қаласындағы Сыпырған ата көшесінің құрылысы, Әл-Фараби көшесін қайта құру тағы да басқа Шымкент қаласына қатысты жобалар. Осы жобалардың уақытылы қолданысқа тапсырылмауына тапсырыс берушілермен жер телімдерін кері қайтарып алу жұмыстарының дер кезінде орныдалмауынан болып отырғандығын ескертті. Жиналыс төрағасы тапсырыс берушілерге жобаларға бастапқы материалдарды дайындауға мұқият қарауды және «Мемсараптама» РМК сарапшыларына ОҚО іске асырылатын жобаларға сараптама жүргізудің сапасын арттыруға көңіл бөлу керектігін ескертті. Мәжілісте ОҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Жамашев Қ. сөз сөйледі. Ол өз сөзінде тапсырыс берушілер мен жобалаушыларға құрылыс саласындағы заңнамаларға енгізілген өзгерістерге көңіл бөлу қажеттігін ескертті. Жобалар әзірлеу барысында нормативтік құжаттардың талаптарынан ауытқушылық жіберген жобалаушы ұжымдарға және оларға қолданылған әкімшілік шараларға тоқталды. Мәжілісте «Мемсараптама» РМК Оңтүстік Қазақстан өңірі филиалы директры Ж. Мықтыбаев қысқаша баяндама жасады. Мәжіліске қатысушыларға 2015 жылы Филиалда 781 жоба алды және жобалау-сметалық құжаттамаларға ведомостводан тыс кешенді сараптама жүргізілгендігін, оның мемлекеттік инвестиция есебінен қаржыландырылатын жобалардың саны 620 құрағанын хабарлады. Сараптамаға ұсынылған жобалардың сапасының төмен болу салдарынан барлық қаралған жобалардың жалпы санынан 64 объектіге теріс қорытынды берілді. Облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармаларына теріс қорытынды алған 50 жобалаушы ұжымдар бойынша, олардың лицензияларында көрсетілген қызметтерін атқару барысында жіберілген кемшіліктер келтірілген мәліметтер жолданды. Жобаларға сараптама жүргізу нәтижесінде құрылыстың жалпы сметалық құны 32,196 млрд. тенгеге төмендеді, оның ішінде мемлекеттік инвестиция есебінен қаржыландырылатын объектілердің құнынан үнемделген қаржы 29,348 млрд. тенгені құрады. Құрылыстың сметалық құнының төмендеуі бюджеттік шығындарды үнемдеп күрделі салымдардың тиімділігін арттырады. Сарапшылар тарапынан жобаларда Қазақстан тауар өндірушілерінің жабдықтарының, бұымдарының және материалдарының қолданылуына үлкен көңіл бөлініп отыр. Сонымен бірге, төменде ататлған жергілікті өндірушілердің өнімдері жобаларда кең қолданылуда «Онтустик Курылыс сервис» ЖШС темібетон конструкциялары, «Шымкентдорстрои» инерттік материалдар, терезе блоктары мен витраждар «Окна гигант» ЖК, жылу қазандықтары «А.Р.Т. сапалы құрылыс» ЖШС және «Z» ЖШС, әрлеу материалдары «Сансызбаев» ЖК және «Асыл тас альянс» ЖШС, кабел өнімдері «K.AZ TEL» ЖШС тағы басқалар. Сөз соңында, жобалардың сапасы тек қана жобалаушылармен сараптамаға байланысты еместігін, сонымен қатар тапсырыс берушілерге, қала және аудан сәулетшілеріне, инженерлік қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсететін ұжымдарға және басқа да жобаны дайындауға қатысушы тұлғаларға байланысты екендігін, осыған байланысты жаңа инвестициялық жобалардың тиімділігін арттыру үшін, барлық жоба жасауға қатысушыларды еліміздегі тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға қызмет етуге шақырды. Өткізілген мәжіліс нәтижесі бойынша құрылыс жобаларының сапасын жоғарылату үшін барлық орындаушылардың жауапершілігін арттыру, және де осы мақсатта объектілерді салуды іске асырушылармен біріге әрекет жасауға шешім қабылданды.