Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

"Мемсарапта" РМК-нің кәсіподағы - сенімді көмек

2015-10-18
2015 жылғы қазан айының 15-16 аралығында Астана қаласында «Мемсараптама» РМК-да филиалдардың кәсіподақ бастауыш ұйымдарының төрағалары және Мемсараптама филиалдардың директорлары қатысуымен кәсіподақ семинары өтті. «Мемсараптама» РМК-нің филиалдарындағы кәсіподақ төрағаларының 2015 жылдың 9 ай жүргізілген жұмыстарының қорытындысы бойынша берген есебі тыңдалды. Жергілікті өткізген жұмыстар түрлері слайдтармен көрнекі көрсетілді. Семинар соңында «Мемсараптама» РМК-нің «Жергілікті кәсіподақ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Б.Құсайынованың ұжымдық шарттың қосымша келісіміне еңгізілген өзгерістер туралы баяндамасы тыңдалды. Семинардың екінші күні Қазақстан Республикасының кәсіподақ федерациясында жалғасын тапты. Семинар аяқталуымен қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.