Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Алматы қаласындағы «Тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу кезіндегі энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру» семинары.

2013-09-10
Алматы қаласындағы «Тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу кезіндегі  энергия үнемдеу және  энергия тиімділігін арттыру» семинары.
2013 жылдың 3-қаркүйегінде «Мемсараптама» РМК-нің Алматы қаласындағы филиалында ПРООН/ГФ өкілдігімен бірлескен «Тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу кезіндегі энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру» семинары өткізілді. Семинар жұмысында құрылыстық жылуфизикасы зертханасының меңгерушісі, техника ғылымының докторы, профессор, РААСН корреспондент мүшесі В.Г. Гагарин (Мәскеу қаласы, Ресей) және (ВК-Астана/Сәулетшілер және инженерлер» компаниясының Бас директры Ф.ван Халст (Бельгия) қатысты. Семинар мақсаты құрылыс жобаларының сарапшыларының біліктілігін арттыру, жобалау кезіндегі энергия тиімділігі мәселелерін шешу бойынша тәжірбие алмасу. Семинар барысында Қазақстан Республикасындағы энергия үнемдеу жөніндегі заңнама талаптары, жылу қорғанысы мен «Ғимараттың жылу қорғанысы» нормативтік құжаттағы энергия үнемдеу талаптарының көкейкесті мәселелері қарастырылды, «энергиялық тиімді» және «пассивтік» ғимараттар мен экологиялық сертификаттар жобалаудың еуропалық тәсілдемесі зерттелді, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамасынында энергетикалық төлқұжатты толтыру мысалы қаралды. Семинарға шақырылған «Мемсараптама» РМК филиалдарының сарапшылары, Алматы қаласының МСҚБЛ департаментінің, «KAZGOR» ЖА, «Сантехпроект» ЖШС және басқа ұйымның өкілдері баяндаушылармен бірлесіп жобалау кезендеріне қатысты мәселелерді, энергиямен қамтамасыз етудің шығынының ақталуын, жобаның, сертификатталған стандарт сапасын тексеруін және басқа да өзекті тақырыптарды талқылады. Өткізілген семинар құрылыс объектісін жобалау кезінде энергия үнемдеу мен энергия тиімділігінің заманауи талаптарын жүзеге асырунда елеулі көмегін тигізеді.