Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Басшылардың қатысуымен өткен республикалық жиналыс

2012-07-31

2012 жылғы 26 шілдеде Астана қаласында «Мемсараптама» РМК-ның аумақтық бөлімшелері басшыларының қатысуымен 1-ші жартыжылдықтағы жұмысының қорытындысы бойынша республикалық жиналыс өтті. Жиналыс жұмысына Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары және өзге де орталық атқарушы орган қызметкерлері қатысты. Есеп беру кезеңінде қол жеткізілген нәтижелер туралы баяндаманы «Мемсараптама» РМК-ның бас директоры Б.Б.Ережепов жасады, ол мемлекеттік жобалар сараптамасының республикалық жүйесіндегі алға қойылған міндеттерді атап өтті. Түстен кейін республикалық жиналысқа қатысушылар Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде алқа отырысының жұмысына қатысты, есеп беру кезеңінің жұмысы қорытындыланды және мемлекеттік және салалық бағдарламалардан шығатын міндеттер айқындалды.
Осы күні Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде «Мемсараптама» РМК мен мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау, қадағалау, лицензиялау және аттестаттау аумақтық басқармаларының басшыларының қатысуымен кеңейтілген жиналыс өтті. Агенттің төрағасының орынбасары В.Г.Галиев баяндама жасап 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ-бұлақ», 2011-2014 жылдарға арналған тұрғын-үй құрылысы, 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламаларын іске асыру кезіндегі құрылыс сапасын бақылау мен қамту мәселелерін қозғады. Көрсетілген бағддарламамларды іске асыру кезінде ұлттық экономиканы нығайту және отандық тауар өндірушліреді қолдауға бағытталған қазақстандық үлесін ұлғайту мәселелеріне аса көңіл бөлінді. Жалпы «Мемсараптама» РМК 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығында 5136 бірлік жобалау құжаттамасын қараған. Сонымен қатар, жобалау шешімдерін нормативтік талаптарға сай келтіргеннен кейін және негізсіз жұмыстар мен шығындарды жойғаннан кейін құрылыстың жалпы құны жобаны сараптама мақұлдауы бойынша 496 млрд.335 млн.теңгег төмендеді. Оның ішінде 217 млрд. 671 млн.теңгесі мемлекеттік инвестициялар. 1-ші жартыжылдықтағы өндірістік қызметтің қорытындылары бойынша «Мемсараптама» РМК-ның аумақтық бөлімшелерінің рейтингісі жасалып: бірінші орынды «Талдықорғанмемсараптама» ЕМК, екінші орынды «Атыраумемсараптама» ЕМК және үшінші орынды – «Қызылордамемсараптама» ЕМК-ы иеленді.