Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-ның мамандары Санкт-Петербор қаласындағы «Электр энергетикалық объектілерін жобалау және салу» тақырыбына өткен семинарға қатысты

2012-07-19
 «Мемсараптама» РМК-ның мамандары Санкт-Петербор қаласындағы «Электр энергетикалық объектілерін жобалау және салу» тақырыбына өткен семинарға қатысты

2012 жылдың 26-29 маусымы аралығында Санкт-Петербор қаласында Ресейдің «Прогресс» ғылыми-техникалық ақпарат орталығының бастамасымен және қолдауымен «Электр энергетикалық объектілерін жобалау және салу» тақырыбына семинар өтті, оған «Мемсараптама» РМК-ның мамандары қатысты. Семинарда негізінен мына мәселелер қаралды:
1. Релелі қорғаныс құрылғылары және автоматика. Ленэнерго кабельдік желілеріндегі релелі қорғанысты эуксплуатациялау тәжірибесі. Жобалау кезіндегі РҚА құрылғыларына қойылатын қазіргі талаптар. Релелі қорғаныш есебінінің тәсілі.
2. Коммутациялық және қорғаныс аппараттары. Сыныптама, әрекет принциптері, салыстырмалы сипаттама. Кернеуі жоғары және 1000 В коммутациялық аппараттарды таңдау принципі. «ФСК ЕЭС» ААҚ-ның коммутациялық және қорғаныс аппараттарын қолдану жөніндегі техникалық саясаты.Қорғаныстан айыру қондырғылары мен оларды таңдау тәсілдері.
3. Электр энергетикалық объектілерін жобалауға қойылатн қадағалау органдарының талаптары. Кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар энергетикалық объектілерін электрмен жабдықтауға жобалау құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту және оның құрамы туралы заңнамалық және нормативтік құжаттарға шолу. Электрмен жабдықтау жобаларына қойылатын сараптаманың талаптары. Ростехқадағалау органдарының электр қондырғыларын эксплуатациялауға жіберуге рұқсатының тәртібі. Жобалау кезіндегі үлгілік қателер.
4. 1000В дейінгі электр желілерін жобалау кезіндегі негізгі парамтерлердің есебі. Электр жүктемелерін анықтау тәсілі. Электрмен жабдықтау схемасын таңдау және жасау. Жылыту және кернеуді жоғалту өткізгіштерін таңдау және тексеру. КЗ тогының есебі. Потенциалының теңдеулер жүйесі. Компенсерлегіш құрылығларды таңдау.
5. Энергетикалық объектілерді жобалау және қаййта жаңарту кезінде EPLAN жүйесін қолдану.
Осы семинар шеңберінде көшпелі отырысы Санк-Петербор қаласындағы 110 кВ «Боровое» трансорфаторлық қосалқы стансасында өтті. Оқу соңында маман-сарапшылар қысқа мерзімді біліктілігін көтеру туралы куәлік алды.