Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағының кезекті XVI құрылтайы өтті

2012-06-27

Батыс Қазақстан облысы басшылығының шақыртуы бойынша 2012 жылдың 25 және 26 маусымында Орал қаласында Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағының кезекті XVI құрылтайы өтті, оған әр аймақтан келген алғашқы ұйымдарда және Одақтың аумақтық филиалдарында сайланған делегаттар, сондай-ақ облыс әкімі Н.А.Ноғаев, қала әкімі Б.А.Шәкімов және жергілікті сәулет қоғамынан қонақ ретінде қатысты. Құрылтай жұмысы облыстық Қазақ драма театрының ғимаратында өтті, онда еліміздің барлық өңірлерін бейнелейтін конкурстық жобалардың көрмесі, іске асырылып жатқан сәулетшілер жұмысы қойылған. Қазақ сәулетшілерінің шығармашылық бірлестігінің құрылтайында өткен 4-жазғы циклдегі Сәулетшілер одағының президенті А.И.Рустамбековтың есебін қызығушылықпен тыңдаған облыс әкімі Н.Ноғаев құрылтайға қатысушыларға жылы лебізін білдірді. Құрылтайдың күн тәртібінде 2008-2012 жылдардағы кезеңдерге тексеру комиссиясы Төрағасының есеп беру баяндамасы тыңдалды. Басқару органының жаңа құрамы сайланды – Қазақстан Сәуетшілер одағының кеңесіне тиісті облыстарға басшылық жасайтын 5 өңірлік вице-президент, Кеңес Президиумы сайланды.
Құрылтайда бірлестіктің басшылық құрамын жастармен толықтыру туралы шешім бірауыздан қабылданды, республикалық деңгейде екі вице-президент, бұдан басқа өңірлік вице-президент сайлану қажет деп шешілді. Құрылтай делегаттарының жасырын дуыс беруі нәтижесінде Кеңес пен Одақ басшылығы жаңа 4-ші жазғы мерзімге сайланды. Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағының президенті болып А.И.Рустамбеков қайта сайланды. Сондай-ақ Кеңестің қайта сайланған барлық делегаттарының қатысуымен бірінші пленум өткізуге шешім қабылданды. Кеңес пленумы 1-ші вице-президенттікке «KAZGOR» жобалау академиясын басқаратын А.Татығұловты и 2-ші вице-президенттікке «Алматы қаласының бас жоспар орталығы» ЖШС-нің директоры З.С.Баймағамбетовты сайлады. Келесі кезеңге өңірлік вцие-президенттікке Орталық өңір мен Астана қаласы бойынша –Н.Юрашевич Батыс өңірі бойынша - Ю.Өмірқаев, Солтүстік Шығыс өңір бойынша – Г.Ю.Трашков, Оңтүстік өңір бойынша Б.Әшірбаев сайланды.
Құрылтай жұмысының соңында облыс әкімі Н.А.Ноғаев бір топ сәулетшілерді қабылдады, қазақстандық сәулетшілердің облыс және Орал қаласының өкілдерімен келешекте ынтымақтастығы туралы, оның ішінде сәулет, тарихи және мәдени мұра ескерткіштерін сақтау, қала халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл, облыс халқын сәулет және қала құрылысы құралдарымен табиғи апаттардан қорғау туралы әңгімелесті.
Құрылтай жұмысына «Мемсараптама» РМК-нан да делегаттар қатысты, бұрынғы Орталық өңір мен Астана қаласы бойынша Сәулетшілер одағының вице-президенті Т.Жарылғанов пен Сәулетшілер одағы Кеңесінің президиум мүшесі С.Бекмұхамбетов қатысты.