Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Германияның аффинаж зауытында болды

2012-06-27
Германияның аффинаж зауытында болды

2012 жылдың 19-23 шілдесінде «Мемсараптама» РМК-ның мамандары «Тау-Кен-Алтын» ЖШС мен «ГНПОПЭ «Қазмеханобр» ЕМК-ның құрамында «TCS Oberreuter AS Hochwed» компаниясының шақыртуымен Германияның жұмыс істеп тұрған аффинаж зауытында болып қайтты. Барудағы негізгі мақсат доктор Янустың электрхимиялық тәсілімен алтынды қайта өңдеу технологиясы бойынша аффинаж зауытымен танысу. Іссапарға бару негізінен «Астана қаласында аффинаж зауытын салу» техника-экономикалық негіздемесінің сараптамасымен байланысты. Жұмыс істеп тұрған аффинаж зауыты "HEIMERLE +MEULE" (1865 жылы негізі қаланған) мен «Carl Sсhaefer» (1969 жылы негізі қаланған) зауыттары Пфорцхайм қаласында орналасқан. Компания жұмысының негізгі түрлері бағалы асыл металдардың өндірісін басқару (екінші рет пайдалану, дайындау, қоспалау, құю және сауда).
Доктор Янустың әдісі бойынша алтын өндіру технологиясы бар аффинаж зауыты технологиясының негізгі басымдылығы өндірістің экологиялық қауіпсіздігі мен қазақстандық асыл бағалы металдарды шикізат ретінде қабылдануы. ТЭН-де қабылданған технология алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибе болып табылады және тиісті халықаралық стандарт өнімін алуды қамтамасыз етеді.