Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Кәсіпорынның аумақтық бөлімшелерінің инженерлік желілері мен жүйелері бойынша сарапшыларға арналған республикалық семинар

2012-06-25
«Кәсіпорынның аумақтық бөлімшелерінің инженерлік желілері мен жүйелері бойынша сарапшыларға арналған республикалық семинар

2012 жылдың 20-23 маусымында «Мемсараптама» РМК сарапшыларының біліктілігін көтерудің бекітілген бағдарламасына сәйкес кәсіпорынның аумақтық бөлімшелерінің инженерлік желілері мен жүйелері бойынша сарапшыларға арналған республикалық семинар өтті.
Семинарда қаралған негізгі тақырыптар:
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарында 2012 жылғы 31 мамырда өткен кеңестің хаттамасына сәйкес жобалау құжаттамасында қазақстандық өндірушілердің құрылыс материалдары мен бұйымдары, инженерлік және технологиялық жабдықтарының қолданылуын бақылау;
- энерготиімділік пен энергияны үнемдеу.
Семинар бағдарламасына сәйкес инженерлік жабдықтау саласында жаңа технологиялардың, материалдар мен жабдықтардың тұсауы кесілді. Онда қазақстандық және шетел өндірушілерінің жабдықтары мен материалдары: «Буран Бойлер» ЖШС-нің қазандық жабдық пен блокты-модуль қазандықтары, «Виссман» АЖШ, (Германия) - қазандық жабдығы, «ҚазГеоСинтетика» - гидротехникалық құрылыстарда (түтікшелерде, тұндырғыларда, және т.б.) гидрооқшаулағыш материал ретінде қолдану үшін синтиетикалық материалдар, «Сигметекс» ЖШС (Қазақстан-Британ біріккен кәсіпорны) – қазақстанда жиналған кесілген сынасы бар жоғары сапалы шойыннан жасалған суырма, «Нұрсу Плюс» ЖШС ашық және жерасты көздерінен суды тзарту жабдықтарын қолданып суды тазарту технологиясы. Семинарда «КАТЭК» ЖШС-нің газбен жабдықталу жүйесін жобалау мәселелері қаралды. «Мемсараптама» РМК-ның мамандары тұсаукесерде қазақстандық қамту үлесі бар жабдықтардың сипаттамасын талқылауға және нақтылауға белсенді қатысты. Семинар шеңберінде «Буран Бойлер» ЖШС-нің зауытын болып, жұмыс істеп тұрған «Виссманн» АЖШ-нің қазандығында болды.
Семинар өткізу кезінде мынадай шешім қабылданды:
- тиісті отандық өнім шығаратын өндіріс орны болған жағдайда, импорт құрылыс материалдары мен конструкцияларын, жабдықтары мен арматураларын негізсіз қолдануға жол бермеу, осындай кезде импорт алмастыру мәселелерін міндетті тәртіпте сараптама қорытындысында көрсету;
- жобалау құжаттамасын қарау кезінде энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді ескеріп жобаларда қабылданған инженерлік-техникалық шешімдерінің басымдығын ескеру қажет.