Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Құжат айналымы мен мұрағат ісін жүргізу жөніндегі республикалық семинар

2012-06-04
Құжат айналымы мен мұрағат ісін жүргізу жөніндегі республикалық семинар

2012 жылдың 30-31 мамырында «Мемсараптама» РМК-да аумақтық бөлімшелердің құжат айналымы мен мұрағат ісі жөніндегі мамандарына арналған республикалық семинар өтті. Семинарға «Мемсараптама» РМК-ның 16 еншілес құрылымының құжат айналымы қызметінің мамандары қатысты. Семинарға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік тіл кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Н.Т.Төленбергенова, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатының сарапшылары Ж.А.Балташев, А.К.Хайруллина, А.П.Әділқұловалар шақырылды.
Семинарды «Мемсараптама» РМК-ның бас директоры Б.Б. Ережепов ашты, ол өз сөзінде семинарға қатысушыларға мемлекеттік сараптаманың алдында тұрған өзекті мәселелерді атап өтті, ол электронды құжат айналымын енгізу, құжаттар мен тапсырмалардың орындалуын бақылау, сондай-ақ аумақтық бөлімшелерде құжат жобаларын дайындау. Семинар барысында кәсіпорында іс жүргізу, мемлекеттік тілде іс жүргізу, мұрағат ісін жүргізу, құжаттармен жұмыс технологиясы, сондай-ақ мұрағат жұмыстарын ұйымдастыру және өзге де мәслелер қаралды.
Сондай-ақ семинарға қатысушылар қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қазақ қайраткері, ақын әрі жазушы, мемлекеттік қайраткер Сәкен Сейфуллиннің мұражайында болып, ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысты.