Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Объектілерді электрмен жабдықтау және электр жабдықтары: жобалау, монтаждау, эксплуатациялау. Практикалық мәселелер» өңіраралық семинары

2012-06-01
«Объектілерді электрмен жабдықтау және электр жабдықтары: жобалау, монтаждау, эксплуатациялау. Практикалық мәселелер» өңіраралық семинары

«Прогресс» ақпараттық ғылыми-техникалық орталығы (Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласы) 2012 жылдың 23-25 мамыры аралығында «Объектілерді электрмен жабдықтау және электр жабдықтары: жобалау, монтаждау, эксплуатациялау. Практикалық мәселелер» өңіраралық семинары өткізіліп, оған «Мемсараптама» РМК-ның қазақстандық мамандары қатысты.
Семинарда келесі тақырыптар бойынша лекциялар тыңдалды:
- орташа кернеулі заманауи элкутр жабдықтарын шолу. Жаңа техникалық шешімдер. Эксплуатациялық талаптар, конструкциялық айырмашылықтар, техникалық параметрлері;
- электр жабдықтарын жобалау және өндірісі саласындағы конструкторлық және технологиялық шешімдер. Конструктивтік ерекшеліктер;
- электр желілерін, үлгілік ескертпелерді жобалау кезіндегі үлгілік қателіктер;
- жобаларды қарау және электр желілері объектілерін эксплуатацияға қабылдау кезінде электр желілері, үлгілік ескертпелерді жобалау кезіндегі үлгілік қателер;
- Кабельдік жұмыстар. Төсемдерді жобалау, полиэтиленнен тігілген оқшаулағышы бар кабельдік желілерді эксплуатациялау. Кабельдердің техникалық және эксплуатациялық сипаттамалары.
Семинарға қатысушылар «Энергетика және Электротехника 2012» көрмесінде болды және «Элтехника» ӨБ зауытына экскурсия жасады.
Сабақтарды ЖОО-ның мұғалімдері, алдыңғы қатарлы фирмалар мен Ресей Федерациясының сараптама ұйымдарының мамандары өткізді.
Сабақ соңында барлық семинарға қатысушыларға мемлекеттік үлгідегі біліктілігін қысқа мерзімде көтеру туралы куәлік және ақпараттық-анықтамалық материалдарының жинағы берілді.