Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Кәсіби кадpлар және Қазақстан аумағы кеңістігін дамыту стратегиясы

2012-04-18
Кәсіби кадpлар және Қазақстан аумағы кеңістігін дамыту стратегиясы

Алматы қаласында Достық үйінде 2012 жылдың 17 сәуірінде Қазақстан қала құрылысы оданы, Қазақстан Республикасының сәулетшілер одағы, Дизайнерлердің қазақстандық одағы, Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы мен Қазақстан жобалаушыларының қауымдастығының ұйымдастыруымен «Кәсіби кадлар және Қазақстан аумағы кеңістігін дамыту стратегиясы» тақырыбына конференция-семинар өтті.
Конференция-семинардың күн тәртібінде салалалар бойынша қауымдастық базасында біліктілікті растаудың тәуелсіз орталықтарын пилоттық тәртіппен құруда көрсетілген творчестволық және салалық бірлестіктердің қатысуына қатысты мәселе ең маңызды сәт болды. Осы мәселе 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 261 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша жалпыхалықтық іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде қаралды. Конференцияда сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, сондай-ақ аталған қала құрылысы, сәулетшілер мен дизайнерлер одағының, Құрылысшылар қауымдастығы мен Жобалаушылардың қауымдастығының қоғамдық кеңесі саласында біліктілікті растаудың тәуелсіз орталығын құру туралы шешім қабылдады.
Конференция-семинардың екінші жартысында жетекші қала құрылысын жобалау ұйымдары мен мүдделі министрліктер мен респуьбликалық ведомстволарды «ҚазҒЗСТҚСИ» РМК-ның Астана филиалының күшімен әзірленген Қазақстан Рсепубликасы аумақтарды ұйымдастырудың бас схемасы – бас қала құрылысы жобасын бастау және келешекте әзірлеудің дайындығы болып табылатын аумақтарда қала құрылысын дамыту стратегиясы мен 1-ші кезеңінің аяқталуын қоғамдық талқылауға арналды. Бұрын бастамашы топпен әзірленген бас схеманың жәнемемлекеттік қала құрылысы саясатының тұжырымдамасын қайтадан қарауға оралу қажеттігі атап өтілді. Бірге өткізілген конференция-семинар нәтижесі туралы Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі хабарландырылды.