Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Талшықты-оптикалық байланыс желісі. Жобалау. Салу және техникалық эксплуатациялау» халықаралық семинары

2012-04-02
«Талшықты-оптикалық байланыс желісі. Жобалау. Салу және техникалық эксплуатациялау» халықаралық семинары

«Прогресс» ғылыми-техникалық орталығы (Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласы) 2012 жылдың 26-30 сәуірінде «Талшықты-оптикалық байланыс желісі. Жобалау. Салу және техникалық эксплуатациялау» халықаралық семинары өткізіліп, оған «Мемсараптама» РМК-ның мамандары қатысты.
Семинарда қаралған негізгі мәселелер:
 DWDM және CWDM жүйелерін енгізудің практикалық тәжірибесі. DWDM желілерімен құрылыс салуда және эксплуатациялауда метрологиялық қамтамасыз ету. CWDM желілерін құру және эксплуатациялау ерекшеліктері. DWDM және PON желілерінің констурктивтік элементтері. DWDM және PON желілерінің кабельдік инфрақұрылымын құру кезінде оптикалық кросстарының жоғары тығыздылығын пайдалану технологиясы;
 Талшықты-оптикалық байланыс желісі (бұдан әрі-ТОБЖ) техникалық эксплуатациялауды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету;
 магистральды, аймақішілік, қалалық және жергілікті талшықты-оптикалық байланыс желілері мен корпоративтік желілерін жобалау;
 ТОБЖ үшін жобалау құжаттамасына сараптама жүргізу ерекшеліктері;
 оптикалық кабельдердің ерекшеліктері мен сипаттамасы. ТОБЖ-ы монтажы. Оптикалық қосындыларды ажыратқыштың сыртқы ортаға әсері;
 ТОБЖ-ы жобалау ерекшеліктері;
 Талшықты оптикалық байланыс желілерін эксплуатациялау. ТОБЖ-ның атқару құжаттары мен паспорттау құрамы;
 Байланыс объектілерін салу және жобалау кезіндегі жер қатынастары;
 ТОБЖ-ы жобалау үшін іздестіру жұмыстарын жүргізу әдісі;
 талшықты-опткиалық байланыс кабелі. Нарықтағы жаңалары. Оптикалық кабельдің ерекшеліктері мен сипаттамасы;
 оптикалық байланыс желісі мен каорпоративтік желілерді эжобалау мен салудың заңдық және нормативтік-техникалық базасы;
 ЗМ OnePass (әлемде теңдесі жоқ бірегей әзірлеу) өзі жапсырылатын талшықты-оптикалық кабельдік канал төсеудің технологиясы;
 автоматты және жартылай автоматты дәнекерлеу аппараттарын қолданып оптикалық талшықты тұтастыру ерекшеліктері.
Сабақды Ресей Федерациясының телекоммуникация саласындағы ірі фирмалары мен сараптау ұйымдарының мамандары өткізді.